» » ҰЛЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛТ АЗБАС

ҰЛЫН ҰЛЫҚТАҒАН ҰЛТ АЗБАС

Жақында аудан әкімдігінің мәжіліс залында ел құрметтісі, Ұлы Отан соғысы жылдарында елімізге Таулы Кавказда орналасқан Шешенстаннан киелі Қармақшы өңіріне табан тіреп, содан бері Қазақ халқын туғанындай құрмет тұтып, ұзақ жылдар аудан орталығындағы механикалық зауытта еңбек еткен атпал азамат, марқұм Вахид Губановты еске алу мақсатында «Физиология және медицина: Дене тәрбиесінің өзекті мәселелері» атты ІІ халықаралық ғылыми- практикалық форум өтті.
Жиында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев шара қонақтарына аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың лебізін жеткізіп, та­қы­рып аясында өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстарға шо­лу жасады. Сонымен қатар, эт­но­саралық тату­ластық пен ын­ты­мақтастықты мақ­сат етіп қой­ған тәуелсіз Қазақ­с­танның өс­іп-өркендеуі жолын­дағы же­тіс­тіктері мен достық, тату­лық­тың шынайы мекені атан­ған ұлан-ғайыр қазақ жерінде бір ананың баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатқан түрлі этнос өкіл­інің тұрмыс-тіршілігі жайлы әңгімеледі. Оның ішінде, аудан тұрғындары арасында өзінің өнегелі өмірімен есте қалған атпал азамат Вахид Гу­бановтың ауданымыздың дамуына қосқан елеулі еңбегі мен үлесі жайлы баяндады.
Форумда «Вайнах» ассоциациясы төра­ғасының бірінші орынбаса­ры, «Даймохк» шешен-ингуш мә­де­ни орталығының басқарма бас­шы­сы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясы саяси Ке­ңесінің мүшесі Абу-Касым Хажалиев Қазақстан халқы Ассамблеясы бойынша атқарылып жатқан жұ­мыс­тарды сараласа, Қызылорда қала­сындағы Қорқыт ата мемлекеттік уни­верситетінің оқытушысы, педагогика ғылымдарының кан­дидаты, профессор, халықаралық педаго­ги­калық білім академиясының академигі, «Қазақстанның Құрметті спорт қайрат­­кері» төсбелгісінің иегері Жақсы­бек Егізбаев, Корей мәдени орталығының мүшесі Юрий Ким, «Сибирьское здоровье» корпорациясының аймақтық кеңесшісі Айнаш Алдашева мен татар-башқұрт мәдени орта­лы­ғының мүшесі Эльмира Сайдгарие­ва, Қызылорда облыстық білім басқар­ма­сының ай­мақтық дене тәр­биесі мето­дикалық ор­талығының директоры Бауыржан Әбенғалиев «Физиология және медицина: Дене тәрбиесінің өзекті мәселелері» тақы­ры­бында баяндама­лар оқып, онда айтыл­ған өзекті мә­селелер бойынша өз ойымен бө­ліс­ті.
Форум соңында мәртебелі мейман Абу-Касым Хажалиев Шешенстан мен Қазақстан елдері ара­сындағы ынтымақтастықты ны­ғай­туда өнегелі істерімен үлгі көрсетіп жүрген бір топ азаматқа Шешенстан Республикасы Ішкі істер, Білім, Спорт және денешынықтыру министрліктері және Грозный қа­ласындағы Нұр­сұлтан Назарбаев атындағы №1 лицей ұжымы дирекциясы және Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған «Вайнах» ассоциациясы, сондай-ақ, Ше­шенстандағы «Динамо» спорт бір­лес­тігінің мадақтамаларын та­быс етсе, өз кезегінде аудан әкі­мінің орынбасары Еркебұлан Мең­лібаев қонақтарға сый-құрмет көр­сетті.
Мұнан соң форум аудандық де­не­шы­нықтыру және сауықтыру ке­ше­нінде дзюдодан 2002-2003 жыл­дары ту­ған жасөспірім татами шеберлері ара­сында өткен об­лыстық командалық жарысқа ұласты.
Биыл жалауы екінші рет желбіреген жас дзюдошылар бәсекесінде Қызылорда мен Бай­қоңыр қалалары жә­­­не аймақтың барлық өңірінен жиналған жас дзюдошылар жарыс жүлдесін сарапқа салды.
Күн бойы созылған тартысты бәсекенің финалында «Қы­зылорда-2» командасы мен қармақшылық спорт мектептері құрамасы арасында өткен ақтық белдесуде қызылордалық балуандар жарыстың бас жүлдесін жеңіп алып, 100 мың теңгенің сертификатына ие болса, Дархан Алмаханов, Әділбек ­Кене­­ев жаттықтыратын, құ­рамында Тимурлан ­Қу­ан­­таев, Бекзат Қазиханов, Нұрдәулет ­Ерә­лиев, Алмат Қожабаев, Ерсін Тоқтаров,­ ­Рахат Шәймерденов жә­не Ержан ­Маратбек сынды келе­шегінен зор үміт күттіретін жас татами шеберлерінен құрылған «Спорт мектеп» командасы жүл­делі ІІ орынға көтерілді. Ал, қы­зыл­ордалық «Спорт интернат» құ­рамасы жүлделі ІІІ орын иегері атанды.
Сонымен бірге, жарыста үздік өнер көрсеткен Диас Алпысбай мен Тимурлан Қуантаев жарыс демеушісі Дастан Даң­лыбаевтың арнайы жүлдесіне ие болды.
Жарыстың жабылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев, «Дәулет» қо­рының прези­денті Жомарт Кө­шербаев, Вахид Гу­­ба­­новтың ұлы Руслан Губановтар құттықтау сөз сөйлеп, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне сый-құрмет көр­сетті.
Нұрбай ӘБІЛАХАТҰЛЫ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет).
«Қармақшы таңы».

01 қараша 2018 ж. 1 218 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031