» » Қармақшыда бірлік мерекесі тойланды

Қармақшыда бірлік мерекесі тойланды

Бүгінде құшағына 140 этнос өкілдерін басып, әлемдегі ең тату да ынтымақты ел атанған тәуелсіз Қазақстан халықтарының бірлік мерекесі тойланды. Айтулы мереке 14 түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан киелі Қармақшы өңірінде де салтанатпен аталып өтілді. Мерекеге сай безендірілген  Жосалы кенті орталық алаңында өткен шараға аудан жұртшылығы және қонақтармен бірге аудан әкімі Сұлтан Мақашов та қатысты. Түрлі этнос өкілдерінің ұлттық әні мен биін нақышына келтіре орындаған мектеп оқушыларының қойылымдарынан кейін аудан әкімі Сұлтан Ысқақұлы орталық алаңға жиналған жұртшылықты бірлік пен береке, татулық пен ынтымақ мерекесімен құттықтап, жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, өткен жылы аудан тұрғындарының әлеуетін арттыру мақсатында атқарылған ілкімді істерді саралап, ағымдағы жылғы жоспарларға тоқталды. Мереке одан әрі аудан көркемөнерпаздары ұйымдастырған концерттік бағдарламаға ұласты. Ал, кешке орталық алаңда аудан тұрғындары мен қонақтар мерекелік серуенге шығып,  аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі өнерпаздарының концертін тамашалады.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ.
01 мамыр 2018 ж. 1 831 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

№25 (10492)

07 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 885
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 544

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930