» » МАҚСАТ – ТҰРМЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

МАҚСАТ – ТҰРМЫС САПАСЫН ЖАҚСАРТУ

Жуырда Жосалы кенті әкімдігінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың төрағалығымен партия филиалының кезекті ХХІІІ есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Алқаға Жосалы кенті мен ауданның барлық елді мекенінен партия филиалы бастауыш партия ұйымдарынан сайланған 80-ге жуық делегат қатысты.
Күн тәртібінде қарауға қойылған бірінші мәселе, яғни Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқының әлеуеті мен ел экономикасын ны­ғайтуға арнаған Жолдауында айқындалған басымдықтар жайында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Меңлібаев баяндама жасады.
Әкім орынбасары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың туған елі мен халқының өсіп-өнуі жолында нақытыланған мақсаттар мен Үкімет алдына қойған міндеттерді саралап, Жолдау аясында өңірімізде атқарылып жатқан ілкімді істерге тоқталды. Сонымен қатар, Елбасының сара саясатымен жүргізіліп жатқан мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жайлы әңгіме тінін тарқатып, Жолдауда мақсатталған басымдықтардың ма­ңыздылығын тілге тиек етті.
Содан соң мінберге көтерілген «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов «Нұр Отан» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлт әлеуетін арттыруға арнаған Жолдау аясында іске асырылып жатқан жұмыстар, оның ішінде киелі Қармақшы өңірі тұрғындарының тұрмыс-тіршілігі мен әлеуетін арттыруға жоспарланған жұмыстарға талдау жасады. Сонымен бірге, партия филиалының аймақ дамуына қосқан үлесін әңгімеледі.
Конференцияда оның күн тәртібінде қа­ралған екінші және үшінші мәселелер, нақ­тырақ айтқанда аудандық партия филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңес Бюросы мүшелерін, сондай-ақ жақын күндері Қызылорда қаласында өтетін «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезекті ХХІІ есеп беру-сайлау конференциясына ауданнан қатысатын делегаттарды сайлау бойынша «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Дастан Буханов пен «Аққайың» санаториялық балабақшасының меңгерушісі Гүлзира Исламхановалар сөз сөйледі.
Жиын барысында партия филиалының Саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Бақытжан Нысанбаев пен Күлжауһар Раева, сонымен бірге партия мүшелері, аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Әділхан Ибрахим мен Тұрмағамбет ауылындағы №29 орта мектептің директоры Зарипа Тасымовалар жарыссөзге шығып, Елбасы Жолдауында айқындалған мақсаттар мен міндеттер, нақтырақ айтқанда ұлт әлеуетін арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, ел дамуы жолында өміршең болған мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі жал­ғас­тыру, ұстаздар мәртебесін көтеріп, жас­тар саясатына қолдау жасау, сондай-ақ елімізде денсаулық саласын дамыту мақсатына арналған жоспарлар жайында өз ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірін зерделеді.
Конференция соңында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Сұлтан Мақашов бүгінгі таңда өңірімізде Мемлекет басшысының ел халқының болашағына мақсаттаған жұмыстардың орындалуы мен ал­дағы жылдары аудан әлеуетін арттыруға ар­налған жоспарларды баяндады.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
01 қараша 2018 ж. 1 099 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 039

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031