» » БАЙЫПТЫ БАСТАМАЛАР ЖОЛДАУЫ

БАЙЫПТЫ БАСТАМАЛАР ЖОЛДАУЫ

Бейсенбіде Жосалы кенті әкімшілігінің мәжіліс залында Елбасы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылаған жиын өтті.
Алқалы жиынға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының орынбасары Ержан Байтілес, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Да­с­та­н Буханов, аудандық мәслихат хатшысы Марат Наятұлы қатысты. Жиында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов басты құжат аясында елде атқарылып жатқан және алдағы уақытта мақсатталған жоспарлы жұмыстарды баяндады.
– Тәуелсіз мемлекеттің мұраты – халқымыздың бақуатты өмір сүріп, дамыған озық 30 елдің қатарына қосылу. Бірлігіміз мызғымай, ынты­мағымыз ыдырамаса, біз үшін алынбайтын асу, бағынбайтын белес болмайды. Елбасының сарабдал сая­сатының оңды бастамаларын жүзеге асыруда аудан жұртшылығын бір­ле­се жұмыс істеуге шақырамын. Жолдауда Мемлекет басшысы халық та­бысын өсіруге басымдық берді. Яғни, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есе, яки 28 мыңнан 42 мыңға дей­ін өсіру көзделді. Демек, бұл бар­лық сала бойынша түрлі меншік ны­­сандарындағы кәсіпорындарда жұ­­мыс істейтін 1 миллион 300 мың адамның еңбекақысын тікелей қам­тиды. Сондай-ақ, бюджеттік мекемелерде жұмыс істейтін 275 мың қыз­меткердің еңбекақысы көбейіп, орта есеппен 35 пайызға өседі, – деді ол.
Мәртебелі мейман Елбасы ұсынған өзге де негізгі бағыттардың ма­ңыз­дылығы төңірегінде әңгіме өрбітіп, пікірін зерделеді. Жиын бары­сында аудан әкімінің орынбасары Әділ Қошалақов негізгі алты ба­ғыттан тұратын саяси құ­жаттың қа­зақстандықтардың табысын арт­тыруға, әлеуметтік жағ­­дай­ын жақ­сар­туға, шағын және орта кәсіпкерлікті да­мытуға, ха­лықтың өмір сүруіне қолайлы әрі қауіпсіз қоғамдық орта құруға мақ­сатталғанын айта келе, ауданда Жолдау аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
Сонымен қатар, сәрсенбіде аудан әкімдігінің мәжіліс залында Ел­басы Жолдауында айқындалған ба­сым­дықтарды кеңінен талқылау мақсатында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов, аудан әкімі Сұлтан Мақашов, «Азаматтарға арналған Үкі­мет» мемлекеттік корпорациясы» ком­мерциялық емес акционерлік қо­ғамының облыстық филиалы бас­шысының орынбасары Салхадин Мырзабеков, облыстық жастар саясаты мәселелері басқар­ма­сының басшысы Қуаныш Жан­ұзақовтың қатысуымен актив отырысы өтті.
Активте облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов ҚР Президентінің Жолдауындағы көр­се­тілген міндеттер мен жоспар­лар барлық қоғам мүшелерін бірік­тіре түсетін күш екеніне тоқталды.
– Барлығымыз тарихи сәттің куәсі болдық. Жолдау – Қазақстан халқының өмірін жақсартуға, тұр­мысын түзеуге баса назар аударған құнды құжат. Елба­сы халықтың әл-ауқатын арт­тырудың ең төте жолын көрсетіп берді. Отандық өнімдердің қуатын арттыру, кәсіппен айналысам деген азаматтарға жол ашу, сапалы кадрлар даярлау, жемқорлықты түп-тамырымен жою, мемлекеттік қыз­­меткерлер мен бюджеттік сала ма­ман­дарының табысын арттыру сынды бірқатар өзекті мәселелер қамтылды. Алдағы уақытта білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларына жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жеткізу міндеті – елдегі əлеуметтік саланың дамуын жаңа белеске жетелейді, – деді облыс әкімінің орынбасары.
Актив отырысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қаршыға Есдәулетов, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев, жастар ресурстық орталығының директоры Әділ Ыбрахим Елбасы Жолдауындағы басымдықтар туралы өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Айнұр ӘЛИ,
«Қармақшы таңы».


30 қазан 2018 ж. 1 037 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 193

Сұхбат

ӨНЕР АЙДЫНЫНЫҢ БҰЛАҒЫ
19 қараша 2024 ж. 146

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930