» » ҚАРМАҚШЫ НЕСІМЕН АЙШЫҚТЫ?

ҚАРМАҚШЫ НЕСІМЕН АЙШЫҚТЫ?

Арал – балығымен, Қазалы – кәмпитімен, Жаңақорған, Шие­лі – бақша дақылымен ерекше­ленсе, Жалағаш ауданы – мал шаруа­шы­лы­ғы­мен ерекшеленеді. Ал, Қармақшы несімен айшықты?

Әлбетте, оған көп ойланудың қажеті де шамалы болар. Әрине, рухани байлығымен. Дүйім жұртты аузына қаратқан 100 жырау мен шайыр шыққан мекенді адамзаттың рухани бесігіне баласақ, артық етпес. Ауданның Қармақшы аталуы да тегіннен-тегін емес. Аштық жайлаған аумалы-төкпелі заманда Қармақшы атамыз дарияға қармағын салып, халқын аштықтан аман алып қалады. Сондай-ақ, бұл – үш жүздің пірі болған Марал ишан Қалқайұлының, тоқсан түйе томарға күймеген Ерсейтпенбет баба мен күллі түркі әлемінің ортақ абызы, қобыз аспабының авторы, күй атасы Қорқыт атаның жамбасы жерге тиген өлке. Сонымен, аудан бренді не болды? Туризм. Мәселен, екі дүниенің есігіне саналған Түркістан қаласына бара қалсаңыз – Ахмет Иасауи бабамыздың басына зиярат етпей қайтпайсыз. Жергілікті жердің тарихынан хабар беретін түрлі ескерткіш-кәдесыйды да осы орыннан табасыз. Бурабайға бара қалсаңыз – «Оқжетпес», «Жұмбақ тас», «Жеке батырды» көруге аңсарың ауады. Иірлене біткен биші қайыңның сұлулығы неге тұрады? Жанға шипа, емге дауа санаториясын айтсаңызшы. Мұндай табиғаттың тамаша тартуы – бізден де табылады. «Қорқыт ата атындағы мемориалды кешеніндегі» амфитеатр да өзінше керемет емес пе? Бұл тұрғыда Қармақшының тұмса тарихы кімді де болса тебірентпей қоймайды. Тарихы тереңнен тамыр алатын Тұран даласы бүгінде жаһан жұртшылығына кеңінен танымал. Өткен жылы елімізде өткен «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне шетелдік меймандардың ағылып келуі – сөзімізге дәлел болса керек-ті. Саяхаттаушылардың пікіріне қарағанда, Қорқыт ата жайында мәліметті интернет желісі арқылы танып білген. «Білген бір басқа да, көзбен көрген мүлде бөлек» демекші, абыз атаның кешенін өз көздерімен көргісі келіп, сол себептен де Қазақстанға сапарлағанын айтқан еді. Мұны олардың өз аузынан талай мәрте естіген болатынбыз. Оған жер кіндігі – «Байқоңыр» ғарыш айлағын тағы қосыңыз. Қомақты қаржыны ел қоржынына осы жерден де салуға болады. Осындай тарихы бай өлкенің тамырына қан жүгіртіп, қаражат табу – өңір әлеуетіне мол пайда әкелмек.
Ауыл шаруашылығы
өркендеп келеді
Елдің әлеуеті – оның экономикалық дамуымен таразыланады. Үстіміздегі жылы аудан бірқатар экономикалық серпінді өсім деңгейіне қол жеткізді. Мемлекет басшысының Жолдауларынан туындайтын міндеттерді жүзеге асыруда және өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда, негіз­гі әлеуметтік-экономикалық өсу көр­сет­кіштері қамтамасыз етіл­ді. Өңірдің экономикалық басты бағыты – ауыл шаруашылығы саласы. Сондықтан да агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға басымдық беріліп отыр. Ауыл шаруа­шылығы өнімдерінің жалпы көлемі 2 млрд. 599,9 млн. теңге болып, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 101,5 пайызды құрады. Мал басын өсіруде де өсім қалыптасқан. Атап айтқанда, мүйізді ірі қара 7,3 пайызға, қой 0,2 пайызға, жылқы 4,9 пайызға, түйе 6,5 пайызға, құс 6,1 пайызға өсті. Есепті кезеңде 2217,1 тонна ет, 3920,8 тонна сүт, 419,2 мың дана жұмыртқа өндірілді. Ауданда 16 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылып, оған 438 адам мүше болуда. Кооперативтің 234 мүшесі 601 млн. теңге көлемінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорынан» несие алып, жұмыс бастады. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы аясында 53 маманға тұрғын үйге сатып алуға 178,5 млн. теңге несие қарастырылған.
Кәсібі көркейген өңір
Кәсіпкерлік саласының даму динамикасы жаман емес. Статистикалық мәліметке сүйенсек, былтырмен са­лыс­тырғанда алға жылжушылық бай­қалады. «Бизнестің жол картасы – 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде Аманкүл Назарова, Шамшадин Карбаев, Эльмира Жұбанова, Жанар Бұқпанова, Бауыржан Алпысбайұлы, Әкімжан Қазиев, тағы басқасы қаржылай қолдауға ие болса, облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлер арасынан Ерлібек Жармаханов жеңімпаз атанды. Байқау нәтижесінде 700 мың теңге ұтып алды. Ақай ауылынан Алтынкүл Шраева тойхана құрылысын аяқтап, пайдалануға берсе, Төретам кентінен жеке кәсіпкер Ерғазы Ізбанов өз қаражаты есебінен «Алмаз» сауда орталығының тұсауын кесті. Қармақшы ауданы үшін алдағы жылы өндірісі іске қосылатын құс фабрикасы да үлкен жаңалық болғалы тұр. «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізі өңір аумағынан өтетіндіктен бірқатар қызмет көрсету нысандары іске қосылған. Кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған түрлі бағдарлама аясында қаржылай қолдау тапқан Жосалы ауылдық округінің кәсіпкерлері ағымдағы жылы апта сайын Төретам кенті мен Ақай ауылдық округіне арзандатылған бағада бақша өнімдерін көкөніспен қамтамасыз етуде.
Түйін:
Жалпы, айта берсек, қазақтың болмысы өзгеге ұқсай бермейтіндей. Қазекем досы түгілі, жауына да құрметпен қараған ғой. Бірде, Жанқожа батыр жаугершілік заманда жекпе-жекте Тықы батырдың басын алады. Дұшпаным деп, басын құзғынға жем етпей, мүрдені арулап жерлейді. Оның басына мұнара орнатады.


Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА,
«Қармақшы таңы».
09 қазан 2018 ж. 3 008 2

JeaCold от 11 ақпан 2019 05:57
Propecia Disfuncion Erectil Mexican Amoxicillin cialis 5 mg best price usa Propecia Doctor New York Rxdiler Side Effects Of Keflex

StevMype от 8 мамыр 2019 05:07
Acheter Cialis Lilly cialis Propecia Generico Finasteride 1mg Ebay Baclofen Levitra Precio

PDF нұсқалар мұрағаты

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 189

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930