» » » ҚОРҚЫТ МҰРАСЫ – ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ ҚАЗЫНАСЫ

ҚОРҚЫТ МҰРАСЫ – ТҮРКІ ДҮНИЕСІНІҢ ҚАЗЫНАСЫ

Өткен аптада Қорқыт ата атындағы мемориалды музейде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында «Қорқыт күйлері – түркі дүниесінің ортақ мұрасы» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Оған белгілі ғалым-зерттеушілер, мектеп мұғалімдері мен оқушылар қатысты. Шараның мақсаты – ұлттық болмыс пен бірегейлікті сақтай отырып, сананы жаңғырту.
Пікір алмасу алаңында түркі дүниесінің абызы Қорқыт мұрасын зерттеушілер Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жанындағы «Қорқыттану» ғылыми-зерттеу институтының жетекшісі, филология ғылымдарының докторы Бағдат Кәрібозұлы, филология ғылымдарының кандидаты Ғабит Тұяқбаевтар күйші мұрасын зерттеуге қатысты атқарылған және алда атқарылатын жұмыстарға кеңінен тоқталды. Жаһандық үдерістен өз үлесімізді алып, тарих пен дәстүрді қайта жаңғырту – Мемлекет басшысының көреген шешімі.
Қорқыт – оғыз-қыпшақ қауымынан шыққан сұңғыла дана, ақылгөй, батагөй, асқан абыз, жырау, қобызшы. Қазақ бақсыларының пірі, күй атасы. Халқымыздың музыкасы мен пәлсапасында Қорқыт күйі, Қорқыт сарыны, Қорқыт толғауы, Тәңір биі дейтін дәстүр мен мақам-саз қалыптасқан. Демек, Қорқыт – Ә.Марғұлан айтқандай, керемет талант иесі, ұлыстың ұлы кеңесшісі, асқан жырау, күйші, күй атасы, қобыз аспабын алғаш дүниеге әкелуші. Ғалымның сипаттауынша, Қорқыт желмаясы құсқа жеткізбейді, өзен-көлден ұшып өтеді, оған дүниенің бір шетінен екінші шетіне ұшып жету – ештеңе емес. Суда көр қазушы болмас, ағыс-иірімге ажал келе қоймас деп ойлап, кілемін жайып, көптеген күй, толғауын шығарады. Сөйтіп, бір ғасырға жуық өмір сүреді. Қорқыттың соңында «Қорқыт», «Желмая», «Тарғыл тана», «Елім-ай», «Ұшардың ұлуы» атты қобыздық күйлері мұра боп қалды.

Сәрсенкүл АҚКІСІ
27 қыркүйек 2018 ж. 1 818 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№14 (10382)

22 ақпан 2025 ж.

№13 (10381)

18 ақпан 2025 ж.

№12 (10380)

15 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 405
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728