» » СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

СЕМЕЙ ЯДРОЛЫҚ ПОЛИГОНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

40 жылдан астам уақыт ішінде полигон аумағында мыңдаған Хиросималар жарылған еді. Полигонда өткізілген сынақтың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Оның 116-сы ашық, яки  бірі жер бетінде жасалса, енді бірі  әуе кеңістігінде сыналған. Осы ашық жарылыстардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп екен. Семей сынақ полигонында жүргізілген жарылыстардың салдарынан миллиондаған кісі дертке ұшырап, біршамасы 40-50 жасты алқымдамай бақилық болды.

Бүгін міне, Семей полигонының жабылғанына  да 27 жыл толды. Мәңгілік алауда жиналған ел ағалары, құрметке лайықты жандар алауға гүл шоғын қойды. Замандастарын еске алып, тағзым етті. Мұнан соң аудан әкімінің мәжіліс залында басқосу өтті. Жиында "Невада-Семей" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Сағымбаев пен бірлестік мүшелері Қ.Бержанов, А.Ақбаев, С.Тілеубеков, А.Бектауов, Ж.Алиев, Ә.Елбосынов, Е.Абдраманов,  Р.Пірманов, М.Айбақов  аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.
Айнұр ӘЛИ,
Қазбек ТАЙБАҒАРОВ (сурет),
ҚТ ақпарат.
29 тамыз 2018 ж. 1 934 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (10459)

29 қараша 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 011
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 685

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031