» » Таиланд Қазақстанның бастамасын атап өтті

Таиланд Қазақстанның бастамасын атап өтті

Бангкок қаласында БҰҰ-ның Азия мен Тынық мұхитқа арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (АзТМЭӘК) штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасының Таиландтағы елшілігінің бастамасы бойынша Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы күнге арналған «дөңгелек үстел» өтті. Форумға дипломатиялық корпустың, халықаралық ұйымдардың, академиялық топтардың және қоғам өкілдері қатысты.
Қатысушылар ядролық қаруды қолдану мен сынақтан өткізу құрбандарын еске алу үшін бір минут үнсіздігік жариялады. Өз сөзінде, Қазақстанның Таиландтағы елшісі Раушан Есболатова Қазақстанның ядролық қарусыздану және жаһандық ядролық қауіпсіздіктің принципті және дәйекті жақтаушысы ретінде дамуындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың айрықша рөлін атап өтті. Тәуелсіздіктің елең-алаңында әлемдегі төртінші ядролық арсеналынан бас тартып, Қазақстан еліміздің халықаралық қызметінің болашағын айқындайтын тарихи қадам жасады. Республика Ядролық қаруды таратпау туралы және Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттына ТМД-ға мүше мемлекеттердің арасында бірінші болып қосылды. Семей келісіміне қол қою арқылы Орталық Азиядағы ядролық қарудан азат аймағы құрылды. Қазақстанның бастамасы бойынша БҰҰ Бас Ассамблеясы Ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу жалпыға бірдей декларациясын қабылдады. Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартына 2018 жылғы 2 наурызда қол қоюы Қазақстанның Ядролық қарусыздану жолын ұстануын растайды.
Р.Есболатова қатысушыларды Мемлекет басшысы  БҰҰ трибунасында мәлімдеген – 2045 жылға қарай ядролық қарудан азат әлемді құру өршіл мақсатына қол жеткізу үшін күш-жігерді біріктіруге шақырды.
АзТМЭӘК Атқарушы хатшысының орынбасары Каве Захеди «дөңгелек үстел» қатысушыларына арналған сөз барысында «Қауіпсіздік-Даму» байламы тұрғысында Қазақстанның ядролық қарусыздануға қатысты жүргізіп жатқан саясатының өзектіліген атап өтті. Таиланд СІМ Халықаралық ұйымдар департаменті Бас директорының орынбасары М.Срисвасди өз сөзінде ресми Бангкоктың ядролық қаруды таратпау ісі жолын ұстанатынын және Қазақстанның аталған бағыттағы бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді.
Сонымен бірге Ресей, Моңғолия, Куба, Мысыр, Нигерия елшілері және Жапония, Мексика және Өзбекстан елшіліктері қазақстандық дипломаттарға елшілігіне іс-шараны өткізу бастамасына алғыс білдіріп, ядролық қарусыз әлемге қол жеткізуде күш-жігерді біріктірудің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара шеңберінде Семей полигоны және ядролық сынақтардың салдары туралы фильм көрсетілді.
Еркін ҚАЛДАН
26 тамыз 2018 ж. 2 025 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 032

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031