» » Уильям Перри: Қазақстан – қарусыздандыру саласындағы көшбасшы

Уильям Перри: Қазақстан – қарусыздандыру саласындағы көшбасшы

Қазақстан жаһанды ядролық қарусыз әлемге жетелейді.
АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі Уильям Перри еліміздің ядролық қаруды таратпау саласындағы бастамаларын осылай бағалады. 90-жылдары Перри сегіз мыңнан астам ядролық оқтұмсықтың көзін жоюға қол жеткізген. Бүгінде «ядролық қауіпсіздік жобасының» тең құқылы авторы. Профессор Қазақстанның жаппай қырып-жою қаупі бар қаруларды таратпаудағы рөлі туралы Мәскеудегі «Ядролық шыңыраудың шетіндегі менің жолым» атты кітабының тұсаукесерінде әңгімелеп берді. Сондай-ақ басылымда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ядролық қатерге қарсы күрестегі жеке үлесі де сөз болды.
Уильям Перри, АҚШ-тың бұрынғы қорғаныс министрі:
- Қазақстан – ядролық қарусыздандыру саласында көшбасшы. Жаһанды ядролық қарусыз әлемге жетелеп келеді. Президент Назарбаев – қарусыздануды батыл қолдайтын көшбасшы. 1994 жылы Қазақстан өзінің ядролық арсеналынан бас тарту туралы ерікті шешім қабылдады. Қазір ел төмен байытылған уранды сақтаудың ең маңызды функциясын қолданады. Бүкіл әлем үшін бұл шешімнің маңызды екенін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
07 ақпан 2018 ж. 1 287 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 591
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 374

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031