Мәслихаттар сайлауы
» » МАМАНДЫҚ – МАҢЫЗДЫ, ЕҢБЕК – ҚҰНДЫ

МАМАНДЫҚ – МАҢЫЗДЫ, ЕҢБЕК – ҚҰНДЫ

Еңбек – адам өмірінің мәні мен қоғам дамуының басты факторы. Әр мамандықтың өз орны, әр еңбектің өзіндік құндылығы бар. Осыны жас ұрпақтың санасына сіңіру, оқушыларға болашақ кәсібін таңдауда бағытбағдар беру мақсатында мектебімізде «Тіршіліктің тұтқасы – еңбек» атты мамандықтар апталығы аясында «Әр мамандық маңызды, әр еңбек құнды» тақырыбында тағылымды кездесу өтті.
Мектептің мәжіліс залында ұйымдастырылған ісшараға 5-7 сынып оқушылары, ұстаздар және түрлі салада еңбек етіп жүрген мамандық иелері қатысты. Кездесуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың еңбек пен мамандықтың маңызы туралы ойлары қамтылған бейнеролик көрсетіліп, еңбектің қоғам өміріндегі орны кеңінен таныстырылды.
Кездесудің құрметті қонақтары қатарында «Күн нұры» балабақшасының тәрбиешісі Айгүл Піржанова, музыкант әрі асаба Рауан Ысқақов, Байқоңыр көпбейінді ауруханасының бөлім меңгерушісі, дәрігер-эпидемиолог Айнұр Жақыпова, Қазалы жол дистанциясы №3 өндірістік телімінің бастығы Асхат Садықов, фотосалон қызметкері әрі жеке кәсіпкер Жұлдызай Бинапова және Байқоңыр қаласы №8 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Талап Әнәпия болды.
Қонақтар не себепті өз мамандықтарын таңдағандарын, еңбек жолындағы тәжірибелерін, күнделікті атқаратын міндеттері мен кәсіби қызметінде кездесетін жауапкершіліктері туралы әңгімеледі. Әр сала маманы жұмысының қоғам үшін маңызын түсіндіріп, жақсы маман болу үшін білім, ізденіс, табандылық, жауапкершілік және адамгершілік қасиеттер қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар оқушыларға теміржол аумағы мен өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау, күн суытқан кезеңде денсаулыққа мұқият қарау жөнінде пайдалы кеңестер берілді.
Кездесу ашық сұхбат форматында өрбіді. Оқушылар көкейлеріндегі сұрағын қойып, дәрігерден алғашқы көмек көрсету жолдары, теміржол саласының маманынан пойыздардың кешігу себептері туралы сұрады. Ал музыкант Рауан Сакилұлы оқушылардың өтінішімен ән орындап, кездесуге ерекше көңіл күй сыйлады.
Іс-шараның көркін оқушылардың өнері аша түсті. 6 сынып оқушылары «Мен қазақпын» әнін орындаса, 5 сынып оқушысы Нұрислам Орынбеков «Жақсылықта жолығайық» әнін тарту етті. Ән орындалған сәтте қонақтарға «Мектеп, кәсіп, болашақ» атты бастау орталығы арнайы дайындаған естелік сыйлықтар табысталды.
Кездесу соңында мектеп басшысы Жасұлан Жұматайұлы қорытынды сөз сөйлеп, жасөспірімдерге мамандық таңдауда өз қызығушылығы мен қабілетін ескерудің, сапалы білім алып, еңбексүйгіш болудың маңызын жеткізді.
Тағылымды жүздесу оқушылардың түрлі кәсіп иелерінің еңбегімен жақынырақ танысуына, мамандықтар туралы түсінігін кеңейтуіне және еңбек адамдарына құрметпен қарауына ықпал етті. Ең бастысы, оқушылар кез келген мамандықтың қоғамға қажет екенін, ал табысқа жетудің кілті – адал еңбек пен үздіксіз ізденісте екенін ұғынды.
Жансая АЛМАТ,
№85 мектеп мұғалімі
25 қараша 2026 ж. 66 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№89 (10557)

24 қараша 2026 ж.

№88 (10556)

21 қараша 2026 ж.

№87 (10555)

16 қараша 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 466
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 579

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30