«АЛТЫН КӨМБЕ» ОТБАСЫЛЫҚ КВЕСТ ОЙЫНЫ ӨТТІ
«Анаға тағзым» орталығында ұлттық құндылықтарды дәріптеу, салт-дәстүрді жаңғырту және отбасы бірлігін нығайту мақсатында «Алтын көмбе» облыстық отбасылық квест ойыны ұйымдастырылды.
Танымдық сайысқа түрлі салада еңбек етіп жүрген 6 отбасы қатысып, төрт кезең бойынша бақ сынады.
Қатысушылар ұлттық тағамдар, салт-дәстүр, тарих, әдебиет пен өнерге қатысты тапсырмаларды орындап, білімдері мен тапқырлықтарын, ұйымшылдықтарын көрсетті.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз отбасылар облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының Алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Тағылымды шара ұлттық мұраны ұлықтап, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыруға және отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған.














