» » 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне орай Қызылорда қаласында «Отбасы – бақыт мекені» атты мерекелік шара өтті. Іс-шара отбасылық құндылықтарды насихаттап, ұрпақтар сабақтастығын дәріптеумен қатар қоғамда мейірімділік пен сыйластықты нығайтуға бағытталған.
Отбасы – адам баласы үшін ең қымбат әрі қасиетті ұғым. Ұлтымыздың сан ғасырлық мәдениетінде отбасы – рухани байлықтың, ізгілік пен мейірімнің ордасы, ұлттық тәрбиенің бастау көзі саналады. БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен 15 мамыр – Халықаралық отбасы күні ретінде бекітілді. Сәйкесінше, әр жыл сайын бұл күн отбасылық құндылықтарды ұлықтауға арналған түрлі іс-шаралармен атап өтіледі.
Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов құттықтау сөз сөйлеп, мерейлі мерекемен алтын және маржан той иелерін марапаттады. Сонымен қатар, шара аясында жас отбасылардың неке қию рәсімі орындалды. Мерекелік шараның жалғасы ән-шашу мен көтеріңкі көңіл-күйге жалғасты.
15 мамыр 2025 ж. 527 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10538)

15 қыркүйек 2026 ж.

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 863
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 119

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930