Топ-баннер
Топ-баннер2
» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ОТБАСЫ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ОТБАСЫ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Қазақстандағы Отбасы күніне орай аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы ауданымыздағы отбасылық бірлігі жарасқан үлгілі, өнегелі, көп балалы отбасыларды арнайы қабылдап, мерекемен құттықтады.

Өз сөзінде аудан әкімінің орынбасары отбасы институтының маңыздылығына тоқталып, отбасылық құндылықтардың қоғамдағы орны ерекше екенін атап өтті. Сондай-ақ, отбасылық дәстүрлерді сақтап, нығайту мемлекеттің берік негізі болып табылатынын баса айтты.

Кездесуде 50 жылдық мерейтойын атап өткен алтын той иелері, немере-шөбере тәрбиелеп отырған үлкен жанұялар мен адал еңбегімен елге танылған еңбекқор отбасылар және ең жас көп балалы отбасы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. 

Шараға қатысқан аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Күлжауһар Төлегенқызы отбасылық құндылықтарды нығайтудағы аналар мен әкелердің рөлі туралы айтып, мерейлі жанұяларға ізгі тілектерін білдірді.

Отбасы күні – бұл елдегі жанұялық бірлікті, татулықты және тәрбиенің маңызды рөлін дәріптейтін ерекше мереке. Ауданымыздағы осындай игі шаралар отбасылық құндылықтарды дәріптеп, болашақ ұрпаққа өнегелі тәрбие беруде маңызды орын алады.
07 қыркүйек 2024 ж. 288 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031