» » Берекелі шаңырақ – мемлекет тірегі

Берекелі шаңырақ – мемлекет тірегі

15 мамырда әлем жұртшылығы халықаралық отбасы күнін атап өтеді. Бұл мереке алғаш рет 1994 жылы аталып өтілген. Отбасы – әр адам үшін ең жақын әлеуметтік ортасы, қоғамның маңызды бір бөлшегі. Ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Ықылым заманнан қазақ ұғымында отбасының орны ерек.
Мықты мемлекеттің қалыптасуы үшін әрбір үйдің, әрбір шаңырақтың береке-бірлігі жарасымды, ынтымағы ырысты болуы керек. Ал отбасының береке-бірлігі – әр баланың болашақ қадамы. Бала отбасының жылуын, қолдауын сезінгенде ғана бақытты болып ержетеді.
Осы ретте халықаралық отбасы күніне орай аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы үлгілі, өнегелі, мерейлі отбасыларды қабылдап, мерекемен құттықтады.
Аудан әкімінің орынбасары отасқандарына 50 жыл толған алтын шаңырақты, 25 жыл толған күміс керегелі, еңбегімен елге танылған еңбек отбасылары мен көпбалалы және ерекше бала тәрбиелеп отырған рухты отбасыларға аудан әкімінің ыстық ықыласын жеткізді.
– Отбасы – адамның өсіп-өнетін, қанатын қомдап ұшатын алтын ұясы ғана емес, мемлекеттің іргетасы. Бала мейірім мен адалдықты, адамгершілік пен тектілікті, туған топырақта, өскен ұяда бойына сіңіреді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Бақыты берік шаңырақ – берекелі қоғамның және мемлекеттің мызғымас тірегі» дегеніндей, отаншылдық пен жауапкершілік, парасаттылық пен ізеттілік, еңбекқорлық пен жасампаздық сияқты асыл қасиеттер ең жақын жандардың үлгі-өнегесі мен ықпалының арқасында қалыптасады. Бала қандай жоғары жетістікке жетсе де ол ұшқан ұясында көргені мен отбасындағы тәлім-тәрбиенің, береке-бірліктің жемісі. Сіздер бүгінгі жастардың бағдаршамы, тілеуқорысыздар. Сіздердің баталарыңызбен біздің ісіміз алға баса бермек. Отбасы күні баршаңызға құтты болсын, бақытты ғұмыр тілеймін, – деді аудан әкімінің орынбасары Самат Смағұлов.
Шаңырағында шаттық орнаған отбасыларға аудан әкімінің құттықтауы жеткізіліп, сый-сияпат табысталды. Сонымен қатар осы өнегелі жиында су тасқыны кезінде көмек көрсеткен бірнеше ерікті азамат марапат төрінен көрінді. Қайырымдылықты ту еткен жастар мен береке-бірлігі жарасқан отбасылар бас қосқан тағылымды кездесуде аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Төлегенқызы марапат төрінен көрінген жандарды мерейлі мерекемен құттықтап, ізгі лебізін білдірді.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
19 мамыр 2024 ж. 251 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 274

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930