» » Үлгілі отбасы – ұлт ұйытқысы

Үлгілі отбасы – ұлт ұйытқысы

Елімізде ерекше аталып өтетін мерекелердің бірі – ол Отбасы күні. Халқымыз «Отан – отбасынан басталады» деп текке айтпаған. Себебі мемлекетіміздің мықты болуы – отбасындағы береке-бірлікке, татулыққа, өзара түсіністікке тығыз байланысты. Отбасы құндылығы берекемен, махаббатпен, сеніммен өлшенеді.

Мереке қарсаңында аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы аудандағы үлгілі отбасыларды қабылдады. Жиында айтулы мерекенің еліміз үшін айрықша маңыздылығына тоқталып, үлгілі отбасыларды құттықтай келе сый-сияпат жасап, Алғыс хат табыстады.

– Отбасы – кез келген адам өмірінің ең маңызды бір бөлігі. Тәрбиенің негізі жанұядан бастау алатындықтан оған немқұрайлылық таныту мүмкін емес. Ұлт болашағында отбасы ең басты тұғырды иеленеді. Әр жылы тұрақты түрде өткізіліп тұратын «Мерейлі отбасы» байқауында еліміздегі ең үлгілі саналатын отбасылардың тағылымға толы өмірлері насихатталып, түрлі марапатқа ие болуы елімізде дәстүрге айналды. Отбасы құндылықтарына негізделген салт-дәстүрлерді ұлықтау – әр шаңыраққа артылған жауапкершілік. Бала ата-анасынан және жақын адамдарынан үлгі алып, кейінгі өміріне азық етеді. Жанұяны қадірлеп оған кір келтірмеу – барша халықтың басты парызы, – деді аудан әкімінің орынбасары.

Отбасы құндылықтарын насихаттау мақсатында дәстүрлі түрде Мерейлі отбасы конкурсы ұйымдастырылған-ды. Оған аудан бойынша 35 отбасы қатысып, комиссия шешімімен бас жүлдені Т.Көмекбаев ауылының тұрғыны, 13 бала, 25 немере, 18 шөбере тәрбиелеп отырған Көбеевтер отбасы жеңіп алды. Ал І орынды Ақжар ауылының тұрғыны, 9 бала, 28 немере, 15 шөбере тәрбиелеген Аяғановтар отбасы иеленсе, Қармақшы ауылының тұрғыны 3 бала, 9 немере өсірген Бадырақовтар отбасы конкурс лауреаты атанды. Тағы бір айта кететін жайт, жақында осы байқау бойынша облыстық кезеңде Көбеевтер отбасы жүлделі ІІІ орын алды.

Іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков, аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы Гүлжауһар Раева сөз сөйлеп, марапат төрінен орын алған өнегелі отбасылардың өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.

Баланың тәрбиелі болып өсуіне отбасының әсері мол. Ата-ана балаларына қандай тәрбие берсе, ол бала өскенде сол тәрбие арқылы өмірдің жаңа баспалдағынан өтеді. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қазақ мақалы бекер айтылмаған.

Ерсін СӘДУҰЛЫ
12 қыркүйек 2023 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 275

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 372

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930