» » БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ - ЕЛДІҢ ТІРЕГІ

БЕРЕКЕЛІ ОТБАСЫ - ЕЛДІҢ ТІРЕГІ


Бүгін ауданымызда Наурызнама мерекесі аясында ұлттық құндылықтарды ұлықтауға арналған Шаңырақ күні кең көлемде аталып өтті. Бұл мереке – отбасы құндылықтарын дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуды көздейтін ерекше күн.

Іс-шара неке қию рәсімімен басталып, жас отбасылардың қуанышты сәтіне куә болдық. Оларға ақжарма тілектер айтылып, аудан әкімінің орынбасары Самат Қыдырбекұлы аудан әкімінің атынан құттықтау сөз сөйлеп, шаңырақ шаттығына толсын деген ізгі ниетін білдірді. Сондай-ақ, жаңа өмірге қадам басқан жұбайларға естелік сыйлықтар табыс етілді.

Мерекелік шара Наурыз батамен жалғасып, ақсақалдар жаңа отау иелеріне ақ тілектерін арнады. Аудан өнерпаздары әсем әндерін орындап, жиынға ерекше әсерлі көңіл күй сыйлады.

Шараның келесі бөлімі тағылымды кездесуге ұласты. Кездесуді аудан әкімінің орынбасары жүргізіп, Жосалы кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев, аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы Мағауия Әлиев, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Шегебай Құндақбаев отбасы құндылығы, оның қоғамдағы орны туралы маңызды ойларын ортаға салды. Олар жастарға берекелі шаңырақ көтеру, өзара сыйластық пен татулықты сақтау, адалдық пен жауапкершілік жайында ақыл-кеңестерін айтты.

Отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында кездесу барысында алтын шаңырақ иелері – отасқандарына 50 жыл бірге ғұмыр кешкен жандар арнайы құттықталып, оларға аудан әкімінің атынан сый-сияпат табыс етілді.

16 наурыз 2025 ж. 347 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 742

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031