» » АЙМАҚ БОЙЫНША «АЛТЫН ҰЯ» ОТБАСЫЛЫҚ КВЕСТІНЕН І ОРЫН

АЙМАҚ БОЙЫНША «АЛТЫН ҰЯ» ОТБАСЫЛЫҚ КВЕСТІНЕН І ОРЫН


Отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұя мүшелерінің қарым-қатынасын нығайту, зияткерлік әлеуетін арттыру мақсатында кеше 18 маусым күні Қызылорда қаласында «Анаға тағзым» орталығының ұйымдастыруымен «Алтын Ұя» отбасылық квесті өткен болатын.

Аталмыс шара бойынша білімді, коммуникативті, ізденімпаз әрі тапқыр отбасыларды даралайтын топтық квест ойынына жалпы облыс бойынша 40 адамнан құралған 10 жанұя арасынан Қармақшы ауданынан қатысқан педагогтер отбасынан құралған "Қозыбақовтар" жанұясы І орынды жеңіп алып, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысының арнайы алғыс хаттары және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

Қ Ұ Т Т Ы Қ Т А Й М Ы З!

Айта кетейік, сайыс барысында командалар әр локацияда аймақ және ел тарихы, мәдениет және спорт, білім салаларына қатысты жасырылған 45 сұраққа QR код арқылы жауап берген. Сонымен қатар сайыс барысында қатысушылар өзара бақ сынаумен қатар, қаланың көрікті орындарында болып, әрбір ғимараттың тыныс-тіршілігі, жұмыс бағытымен танысқан.

19 маусым 2025 ж. 289 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031