» » Жас отбасылар байқауы

Жас отбасылар байқауы

qarmaqshy-tany.kz Халықаралық отбасы күніне байланысты Байқоңыр қаласындағы «Жастар ресурстық орталығы» мен облыстық «Самғау» қоғамдық бірлестігінің бірлесе ұйымдастыруымен «Отан – отбасынан басталады» атты жас отбасылар байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – өскелең ұрпақтың адамгершілікрухани дамуында отбасылық құндылықтардың рөлін нығайту, ұрпақтар сабақтастығын, отбасылық қарым-қатынастар мәдениеті мен салттарын сақтау.

Байқауда оған қатысушы жас отбасылар әділқазылар қойған шарттар бойынша «Менің отбасым» өзін-өзі таныстыру, «Өнерлі жанұя» отбасылық өнер, «Жанұя бірлігінің құпиясы» атты түрлі ситуациялық сұрақтарға жауап беру кезеңдері бойынша өзара сынға түсті.

Байқау барысында оған қатысушылардың бірі – өлең арқылы өзі мен жанұясын таныстырса, енді бірі – қолөнер шеберлігімен, ас дайындау, сонымен бірге басқа да үлгілі істерімен өнерлерін паш етті.

Қызықты да көңілді сәттерге толы байқау нәтижесінде І орынды Каликеевтер отбасы жеңіп алса, ІІ орынды Таласбаевтар отбасы, ал жүлделі ІІІ орынды Қанибековтер отбасы иемденді.

Байқау соңында жүлдегерлер мен оған қатысушылар арнайы дипломдармен марапатталып, сыйқұрметке бөленді.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
21 мамыр 2023 ж. 349 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 070
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 731

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031