» » «Бақытты отбасы» спорттық шарасы өтті

«Бақытты отбасы» спорттық шарасы өтті

Қызылорда облыстық соты және Судьялар одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен Халықаралық отбасы күніне орай «Бақытты отбасы» спорттық шарасы өтті.

Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортты насихаттау, баланы достық пен патриоттыққа, ұлттық мәдениетке тәрбиелеу және ата-анамен бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Сондай-ақ, ол неке-отбасылық қатынастарынан туындайтын даулардың алдын-алу және оларды сотқа дейін шешу, отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталды.
Спорт кешенінде өткен жарысқа сот саласының қызметкерлері мен олардың балалары қатысты. Жанұя мүшелері спорттың бірнеше түрінен өзара сайысқа түсті.
Сайысқа Маханбетовтер отбасы мүшелерінен құралған – «Айбын» тобы, Мырзатаевтар отбасынан – «Бірлік» тобы, Байменовтер отбасынан – «Шаңырақ» тобы, Қайбалдиевтер отбасынан – «Болашақ» тобы, Төлегеновтер отбасынан – «Толағай» тобы және – Нұржановтар отбасынан – «Қыран» тобы, барлығы 6 команда қатысты.
Қатысушылар эстафеталық жарыстың 4 түрі бойынша бақ сынасты. Бірінші «Кім жүйрік?» кезеңінде отбасылық командалар ас қасықтың ішіндегі теннис добымен кедергілердің арасынан өтіп, жарысты. Одан кейінгі кезеңдерде қатысушылар қаппен секіріп, өзара арқан тартысты.
Сайыс қызықты, әрі тартысты өтті. Ойын барысында командалар ептіліктері мен ұйымшылдықтарын көрсете білді.
Отбасылық тәрбиелік маңызы зор сайыс қорытындысымен «Толағай» тобы бірінші орынды иеленді. Екінші орынға «Бірлік» тобы, үшінші орынға «Болашақ» тобы ие болды. Жеңімпаз жанұя мүшелеріне арнайы дипломдар мен медальдар, қатысушы командаларға номинациялар және сый-сияпаттар табысталды.
Спорттық шара соңында Қызылорда облысы соттарының жас мамандары флешмоб ұйымдастырып, аспанға шарлар ұшырды.

Қызылорда облыстық сотының баспасөз қызметі

16 мамыр 2018 ж. 2 573 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031