ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ – БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІГІ

2026 жылғы 29–30 қазан күндері Астана қаласында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының ұйымдастыруымен «Мектеп және адами әлеует: сапалы білім және тең мүмкіндіктер» тақырыбында XV Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
Аталған конференцияға Қармақшы аудандық білім бөлімінен әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.Наукебаева бастаған делегация мүшелері қатысып, халықаралық білім беру тәжірибесімен танысты.
Халықаралық басқосуда білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін дамыту, жасанды интеллектіні білім беру үдерісіне енгізу, заманауи оқыту әдістері мен озық педагогикалық тәжірибелерді тарату мәселелері талқыланды.
Конференция аясында әлемдік деңгейдегі сарапшылардың баяндамалары тыңдалып, Lesson Study, Action Research және деректерге негізделген оқыту бағыттарындағы тиімді тәжірибелер ұсынылды.
Іс-шара аудан педагогтеріне әдістемелік қолдау көрсетудің жаңа тәсілдерін зерделеуге, озық тәжірибелерді білім беру ұйымдарының жұмысына енгізуге және кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік берді.













