» » БІЛІМ САПАСЫН АРТЫРУ БАРЫСЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ

БІЛІМ САПАСЫН АРТЫРУ БАРЫСЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КЕҢЕС ӨТКІЗІЛДІ


Білім беру сапасын арттыру және педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту мақсатында білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен әдістемелік кеңес өткізілді. Әдістемелік кеңеске әдістемелік кабинеттің әдіскерлері,мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық пән бірлестік жетекшілерінің қатысуымен әдістемелік кеңес өтті.

Күн тәртібіндегі мәселелерді әдістемелік кабинет меңгерушісі Наукебаева Шырын Мирамбекқызы таныстырып, әрбір мәселеге жеке тоқтап, мониторинг жасап, талдау жүргізді. Әдістемелік кеңес барысында барлық білім беру ұйымдарындағы мектепішілік бақылау жоспарларына аналитикалық анықтама жасап, талдау жұмыстарын жүргізді.

Педагогтердің сапалық құрамына тоқтап, біліктілік санаттарына талдау жүргізілді. Барлық пәндер бойынша мониторинг алынып, оқушылардың білім сапасы, олимпиада, ғылыми жоба нәтижелері талқыланды.

Педагогтерді аттестаттау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар сұрақтарына тиісті жауаптарын алды.
Соңғы мәселе бойынша педагогтердің біліктілігін арттыру курстарына қатысуы және ЖИ (жасанды интеллект) курстарына қатысуы жайлы тоқтады. Әдістемелік кеңес соңында қатысушылар пікірлерін, ұсыныстарын айтты.

07 қаңтар 2026 ж. 274 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 074

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930