» » Пән бірлестік жетекшілерінің секциялық отырысы өткізілді

Пән бірлестік жетекшілерінің секциялық отырысы өткізілді



Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен Тәйімбет Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейі базасында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» тақырыбында аудандық пән бірлестік жетекшілерінің секциялық отырысы өтті.

Секция жұмысының негізгі мақсаты – цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын енгізу жағдайында білім беру жүйесін дамытудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру.

Пәндік секциялық отырыстар аясында білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.Наукебаева және білім бөлімінің әдіскерлері ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «2025–2026 оқу жылында Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хатпен таныстырып, биылғы оқу жылының ерекшеліктерін атап өтіп, талдау жұмыстарын жүргізді.

Айта кетейік, секциялық отырыстарға 500-ге жуық ұстаздар яғни пән бірлестік жетекшілері мен мектеп басшылары, орынбасарлары және ата-аналар қатысты.
28 тамыз 2025 ж. 214 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (10504)

16 мамыр 2026 ж.

№35 (10503)

13 мамыр 2026 ж.

№34 (10502)

09 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 104
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 695

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031