» » Әдістемелік кабинет - педагогтердің кәсіптік шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастырудағы бағдаршамы

Әдістемелік кабинет - педагогтердің кәсіптік шеберлігі мен құзіреттілігін қалыптастырудағы бағдаршамы

Бүгінгі таңда бүкіл әлемдегі білім беру жүйелері білім сапасын елдің экономикалық өсуі мен тұрақты дамуының басты факторы ретінде қарастыруда. Педагогикалық әдістер мен технологияларды үнемі жетілдірусіз білім беру сапасын арттыру мүмкін емес. Бұл жағдайда әдістемелік кабинеттердің алатын орны білім беру үрдісінің тиімділігі мен инновациясын қамтамасыз етуде шешуші болады.

Әдiстемелiк кабинеттер қызметiнiң негізгі мақсаты, мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарттар мен бiлiм беру бағдарламаларын iске асыру, бiлiм беру ұйымдарын оқу-әдiстемелiк тұрғысынан қолдау, педагогтар мен басшы кадрлардың үздiксiз бiлiм алуы және кәсiби құзыреттiлiгiн жетiлдiруге жағдай жасау. Нақты айтқанда, әдістемелік кабинеттер - бұл педагогтың қызметі мен мемлекеттік білім беру жүйесі және педагогикалық тәжірибенің дамуы арасындағы байланыстырушы буын болып табылады.

Бүгін осы орайда Қызылорда облыстық оқу орталығы (әдістемелік кабинет) ұйымдастыруымен «Цифрлық кеңістіктегі заманауи педагог: жаңа мүмкіндіктер, тиімді тәжірибелер» тақырыбында облыстық пән бірлестік жетекшілерінің отырысы болып өтті.

Бірлестік отырысына аудандық, қалалық білім бөлімі жанындағы әдістемелік кабинет меңгерушілері, әдіскерлері, жалпы пәндер бойынша бірлестік жетекшілері онлайн және оффлайн форматта 200-ге жуық педагогтер қатысты.

Бірлестік отырысының күн тәртібінің бірінде «Әдістемелік кабинет - педагогтердің кәсіптік шеберлігі мен құзыреттілігін қалыптастырудағы бағдаршамы» тақырыбында Қармақшы аудандық әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.Наукебаеваның аудан бойынша атқарылған жұмыстар жүйесі мен нәтижеге толы жетістіктер бағытындағы білім бөлімінің шығармашылық есебі тыңдалып, әдістемелік кабинет жұмыстары іс тәжірибе ретінде аудандар арасында таратылды.

23 қаңтар 2025 ж. 192 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 219

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930