» » Тамыз кеңесі: жаңа мақсат, жаңа міндет

Тамыз кеңесі: жаңа мақсат, жаңа міндет

qarmaqshy-tany.kz Мектеп – бастапқы білім тірегі, оның сапасы тек өскелең ұрпақтың тағдырына ғана емес, ел тағдырына да түбегейлі қатысты. Ұстаздардың айтуынша, бүгінгі білім саласы заманауи үлгілерге сай болуы керек. Яғни мектептер мен балабақшаларда инновациялық технологиялар мен ғылыми үрдістердің жаппай қолданылуы – өмір талабы. Осындай жаңа әдістемелер мен нақты бағдарламалардың маңыздылығы, мәнділігі ұстаздардың дәстүрлі тамыз кеңесінде талқыланды, айқындалды.

Биыл алғаш рет ауыл мектептері бойынша Жаңажол ауылдық округіндегі №107 орта мектебінде «Жалпы орта білім беру: функционалдық сауаттылық және озық педагогикалық тәжірибе» тақырыбында дәстүрлі тамыз кон ференциясының секциялық отырыстары өткізілді.
Негізгі мақсаты – білім беру саласындағы басқару мәселелерін жан-жақты тал қылауға, жаңа бастамаларды ұсынуға және білім беруді жаңартуда әдістемелік ұсыныстар әзірлеуге жағдай жасау.
Секция отырыстарына мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары қатысып, өзара тәжірибе алмасты. Секция отырысының бағдарламасына сәйкес, аудандық білім бөлімінің басшысы Гүлзира Мәжитқызы секция қатысушыларын жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Педагогтардың басқосуында балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері талқыланып, ҚР Оқу-ағарту министрлігі Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының 2023-2024 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатындағы оқу-тәрбие процесінің ерекшеліктері таныстырылды және жаңа оқу жылындағы білім беру жүйесінің жоспарлары мен келешегін талқылау бойынша диалогтық алаң ұйымдастырылды.
Секция соңында талқылау жұмыстары жүргізіліп, қатысушылар тарапынан ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
Ал 22 тамыз күні аудандық білім бөлімі бойынша білім қызметкерлерінің аудандық «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты тамыз кеңесінің пәндік секция отырыстары №121 орта мектеп базасында ұйымдастырылды. Аудандық пән бірлестік жетекшілерінің секция отырысына ауданның бас ұстазы Гүлзира Мәжитқызы барша әріптестерін жаңа оқу жылымен құттықтап, өткен оқу жылының қорытындысы аясында атқарылған игі жұмыстар жайында баяндап, жыл көлемінде білім саласы бойынша жетістікке жеткен педагогтерге ризашылығын білдірді.
Барлық мектеп аясында жаратылыстану-гуманитарлық бағыт тарға бөліне отырып 24 пән бойынша отырыстар ұйымдастырылды. Секция отырыстарында педагог-зерттеушілер, сарапшылар, білім саласының мамандары өз тәжірибелерімен бөлісе отырып, тақырыптық «Lesson study» бойынша коучингтер, шеберлік сабақтар, түрлі әдіс-тәсілдер бойынша ақпарат алмасып, бағыттар бойынша секциялық отырыс тар өткізілді.
Білімді дамытып, өзгемен бөлісіп, жаңаны үйреніп отыру – кез келген адамға қажет дүние. Ал болашақтың тұтқасын тәрбиелеп отырған ұстаз қауымы үшін жаңа дүниені игеру, өзара тәжірибе алмасу аса маңызды. Ерекше форматта ұйымдастырылған биылғы тамыз кеңесі мұғалімдерге жаңа мақсатміндет жүктеуімен қатар, шалқар шабыт сыйлағаны сөзсіз.
«Қт» ақпарат
27 тамыз 2023 ж. 279 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 025

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031