Топ-баннер
Топ-баннер2
» » АЙМАҚ МАГИСТРЛЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

АЙМАҚ МАГИСТРЛЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Төретам кенті, Ақай ауылында орналасқан №99 орта мектебінде "Жастар. Ғылым. Инновация" тақырыбында аймақ магистрлерінің ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді.

Әр магистрдің ғылыми диссертациялық жұмыстарының тақырыптары және мектептегі әрекеттері арасындағы байланысты көрсету, іс-тәжірибелерімен бөлісу, мектептер арасындағы магистрлердің жұмысын жандандыру мақсатындағы өткізілген конференцияға Қармақшы аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Наукебаева Шырын Мейрамбекқызы және Байқоңыр,Ақай,Төретам мектептері магистрлері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Конференция барысында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.Наукебаева өткізіліп отырған шараның мақсат-міндетіне арнайы тоқтала отырып, тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстарды әрі қарайда жүйелі ұйымдастыруға, сондай-ақ білім беру ұйымдары бойынша «Педагог-шебер», «Үздік педагог» иегерлерін шығаруға жұмыс жасау керектігін басты айтты.

25 қаңтар 2025 ж. 211 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

№17 (10484)

03 наурыз 2026 ж.

№16 (10483)

28 ақпан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 603
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 394

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031