» » Шығармашылық ізденіс- шеберлік шыңның баспалдағы

Шығармашылық ізденіс- шеберлік шыңның баспалдағы


Білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жұмыс жоспарына сәйкес Т.Жүргенов атындағы №80 мектеп-гимназиясында “Шығармашылық ізденіс-шеберлік шыңының баспалдағы” тақырыбында аудандық шебер сынып болып өтті.

Педагог қызметінің жалпы және кәсіби құзырлығын қалыптастыруда әдіс-тәсілдерді қолдануы және тәжірибе алмасу, шебер сыныпқа қатысушыларға әдістемелік көмек көрсету мақсатында өткізілген шарада
кәсіби білім-білік, дағдыны дамыту, педагогтің жалпы мәдени дамуын, кәсіби маңызды сапаларын жетілдіру мақсатындағы мазмұнды жұмыстар жүргізілді.
Семинар аясында тәжірибелі педагогтер мұғалім жұмысын оңтайландыру мақсатында түрлі коучингтер, интеллектуалды ойындар мен креативті клостер секілді жұмыстармен, озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті.

Сондай-ақ, шебер сынып алаңындағы жұмыстардың интерактивті форматтарының арқасында қатысушы педагогтер жаңа технологиялар мен тәсілдерді үйреніп қана қоймай, оларды тәжірибе жүзінде қолдана алды.

Семинар соңында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Наукебаева Шырын Мирамбекқызы қорытындылап, пән мұғалімдері алдағы уақытта осы алған іс-тәжірибелерін өз сабақтарында қолданып, креативті, заманауи ұрпақ қалыптастыруға ықпал етсе деген ізгі тілегін жеткізіп, ұйымдастырушы ұжым мүшелеріне алғысын білдірді.

11 сәуір 2024 ж. 711 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№1 (10469)

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (10468)

31 желтоқсан 2025 ж.

№99 (10467)

27 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 181
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 828

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031