» » Семинар - тәжірибе алмасудың мүмкіндігі

Семинар - тәжірибе алмасудың мүмкіндігі

qarmaqshy-tany.kz Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен №199 орта мектебінде тарих пәнінің «Жаңа әлемдегі – жаңа тарих: оқытудың қазіргі заман технологиясы» тақырыбында аудандық семинар-практикум өткізілді.
Тарих пәнін оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану жолдарын меңгерту, дамыту, тәжірибе алмасу бағытында өткізілген іс-шараға аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинеттің меңгерушісі Шырын Мейрамбекқызы мен Айгүл Әділбекқызы және аудан көлеміндегі мектептерден 16 тарих пәнінің мұғалімдері қатыстырылды.
Семинарға келген меймандарға әдеби-сазды қойылымы тарту етіліп, мектеп психологы «Танысу» тренингін жүргізді.
Өз кезегімен тарих пәнінің мұғалімдері «Қаңлылардың қалалық мәдениетінің дамуы», «Ұлттық мемлекеттіліктің жаңғыртылуы» тақырыптарында ашық сабақтары көрсетілді.
Сонымен қатар 6-7 сынып оқушылары арасында зияткерлік сайыстар мен 9-10 сынып оқушылары арасында интеллектуалды ойындары жүргізілсе, мектеп кітапханашысы REDx форматында «Мен оқыған бір кітап» тақырыбында 9-10 сынып оқушылары жобаларын қорғатты.
Ұжым ұстаздары өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, заманауи білім ресурстары арқылы оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолданудың жолдарын көрсетіп, өз әріптестеріне кәсіби ізденістері мен педагогикалық шеберліктерін шыңдауға үлес қосты.
https://www.instagram.com/p/Cpb3qFuqc2V/?utm_source=ig_web_copy_link

06 наурыз 2023 ж. 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 073
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 285

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031