» » «ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢАША ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ»

«ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢАША ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ»

ЖОСАЛЫ, 13 қаңтар – qarmaqshy-tany.kz Жаңартылған білім беру аясында оқыту мен оқуда жоспарлау, бағалау, тиімді әдіс – тәсілдер мен стратегияларды қолдану, сабақты және іс - әрекетті зерттеу тәсілдерін іске асыру дағдыларын дамыту үшін мектебімізде «ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ ЖАҢАША ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІ» тақырыбында желілік қауымдастық арасындағы ынтымақтастықты қалыптастыру және кәсіби біліктілікті арттыру жолында қолдау көрсету мақсатында аудандық семинар-практикум өткізілді. Семинар-практикум аясында ашық сабақтар, коучингтер, тренингтер жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Атап айтар болсақ, №27 мектеп психологы Г. Тоқбулатова семинар-практикумға қатысушы мұғалімдер арасында танысу тренинг ұйымдастырса, тарих пәнінің мұғалімі Е. ЖЫЛҚЫБАЕВ 9 «А» сынып оқушыларымен «хх ғасырдың 20-30 жылдарындағы білім беру жүйесі мен ғылым» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
«Жаңалыққа бастаған – жаңартылған бағдарлама» тақырыбында мектеп директорының бағдарлы оқтыту ісі жөніндегі орынбасары Г. Әбділдаева ата-аналармен мәнді жұмыс ұйымдастырса, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалім Р. Сейлова «Графикалық органайзерлерді қалай тиімді пайдалануға болады?» тақырыбында семинар-практикумға қатысушылармен коучинг жұмыстарын жүргізді.
Семинар соңында тәжірбиелі мұғалімдер тарапынан осындай семинарларды мектеп шеңберінде ғана емес, ауқымды өткізу мүмкіндігін қарастыру қажет деген пікірлер айтылды.
13 қаңтар 2020 ж. 1 435 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№20 (10487)

17 наурыз 2026 ж.

№19 (10486)

14 наурыз 2026 ж.

№18 (10485)

07 наурыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 660
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 420

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031