» » НЫСАНАЛЫ МЕКТЕП - НАҚТЫ ҚАДАМДАРҒА НЕГІЗІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ЖОБА

НЫСАНАЛЫ МЕКТЕП - НАҚТЫ ҚАДАМДАРҒА НЕГІЗІЗДЕЛГЕН ЖАҢА ЖОБА

«Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы шеңберінде белгіленген «943-Елдің нысаналы (мақсатты) мектептерін дамыту» жобасына Қармақшы ауданы бойынша 
9 мектеп еніп отыр. 

Нысаналы мектептер PISA, ҰБТ, халықаралық зерттеу нәтижелері, білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі және басқа да көрсеткіштер бойынша іріктелді.

«Нысаналы мектептер» жобасының мақсаты - жергілікті жерлерде білім беру процесін жақсарту үшін мақсатты мектептермен өзара әрекеттесу бойынша жұмыс құралдары мен тетіктерін ұсыну.

Осыған орай аудандық білім бөлімі бойынша әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Жосалы кенті орталағында орналасқан №250 мектеп-лицейі базасында аудандағы нысаналы мектептер тізіміне енген мектептер бойынша мектеп басшыларының қатысуымен оқу-әдістемелік кеңес отырысы өткізілді. 

Жиынға білім бөлімінің басшысы Г.Абдазиева арнайы қатысып, нысаналы мектептерді дамыту жобасы, жобалық кеңсе қызметi, нысаналы мектептердің жеке портреттері мен жұмыс жоспарларын әзірлеу және енгізу, жобаны іске асыру шеңберіндегі бақылау/мониторингтік іс-шаралар, әдіскерлердің қолдауымен нысаналы мектептерді дамыту траекториясы мен құралдары және т.б. бағыттар бойынша жұмыстарды жүйелі әрі тиімді ұйымдастыруды білім бөлімінің әдістемелік кабинетіне нақты негізде тапсырмалар жүктеп тапсырды.

Жиын барсында мектептердің жеке портреттері мен 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспарлары, біліктілік арттыру бойынша мұғалімдерді оқытудың қаржылық мәселелері талқыланып, алдағы оқу жылында атқарылатын шаралар бойынша түсіндірмелер жасалды.
07 қыркүйек 2024 ж. 2 583 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 416
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 218

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930