» » АУДАНДЫҚ ПӘН БІРЛЕСТІГІ ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ ПӘН БІРЛЕСТІГІ ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен пән бірлестіктері жетекшілерінің отырысы өтті. Жиынға білім бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков арнайы қатысып, білім сапасын арттыру, педагогтердің кәсіби әлеуетін жетілдіру және әдістемелік жұмысты жүйелеу мәселелерін атап өтті.

Жиынның негізгі мақсаты – пән бірлестіктерінің жұмысын жүйелеу, тәжірибе алмасуды дамыту және әдістемелік қолдауды күшейту.

Отырыста 2026–2027 оқу жылына арналған пән бірлестіктерінің жұмыс жоспарларын әзірлеу және бекіту мәселесі қаралды. Пән бірлестігі жетекшілеріне әдістемелік кабинеттің жылдық жұмыс жоспарымен сабақтастыра отырып, өздерінің жұмыс жоспарларын әзірлеп, бекітуге ұсынылды.

Сонымен қатар бөлім басшысы пән мұғалімдерінің әдістемелік кабинет әдіскерлерімен бірлесе отырып, әдістемелік жұмыстар негізінде білім беру ұйымдарында соңғы үлгіде берілген заманауи жабдықталған кабинеттердің озық жұмыс тәжірибесін тарату және семинарлар, шеберлік сабақтарын үйлестіру бағытындағы жұсыстарды күшейтуді тапсырды.

Жиын қорытындысында пән бірлестіктері мен әдістемелік кабинет арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру және білім сапасын жақсартуға бағытталған нақты міндеттер айқындалды.

Басты мақсат – әдістемелік жұмысты бір жүйеге келтіріп, педагогтерге сапалы әдістемелік қолдау көрсету арқылы білім сапасын арттыру

14 қыркүйек 2026 ж. 19 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 842
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930