» » ӘДІСТЕМЕЛІК АЛАҢ ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІНШІ КҮНГЕ ЖАЛҒАСТЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК АЛАҢ ЖҰМЫСТАРЫ ҮШІНШІ КҮНГЕ ЖАЛҒАСТЫ


Бүгін Қармақшы ауданы бойынша білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен Ш.Уәлиханов атындағы №26 мектеп базасында «ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2026 | ТӘЖІРИБЕ. ІЗДЕНІС. НӘТИЖЕ.» тақырыбында мектеп директорларының орынбасарлары мен мектеп кітапханашыларына арналған әдістемелік алаң өткізілді.

Жиынның негізгі мақсаты – цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын білім беру үдерісіне енгізу жағдайында оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың бірыңғай ұстанымдарын қалыптастыру, білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді тәжірибелерді талқылау.

Әдістемелік алаң барысында білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.Наукебаева және әдіскерлер Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген «2025–2026 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» әдістемелік нұсқау хаттың негізгі бағыттарымен таныстырды.

Сонымен қатар өткен оқу жылының нәтижелеріне талдау жасалып, жаңа оқу жылындағы басым міндеттер мен оқу процесін тиімді ұйымдастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

Жиын барысында тәжірибе алмасып, білім сапасын арттыру, заманауи педагогикалық тәсілдерді тиімді қолдану және цифрлық мүмкіндіктерді білім беру үдерісіне енгізу бағыттары бойынша өзекті мәселелер ортаға салынды.

21 тамыз 2026 ж. 133 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

№77 (10545)

10 қазан 2026 ж.

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 035
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 258

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031