» » ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2026 ТӘЖІРИБЕ. ІЗДЕНІС. НӘТИЖЕ.

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ – 2026 ТӘЖІРИБЕ. ІЗДЕНІС. НӘТИЖЕ.

Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицей базасында Тамыз конференциясы аясында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша әдістемелік алаң ұйымдастырылды.

Әдістемелік алаң педагогтердің кәсіби тәжірибе алмасуына, пәнді оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін талқылауға және жаңа оқу жылындағы басым бағыттарды айқындауға арналды.

Математика пәні бойынша әдістемелік алаңға облыс көлемінде тәжірибесімен танылған білікті математика пәні мұғалімдері қатысып, өздерінің озық педагогикалық тәжірибелерімен бөлісті. Спикерлер білім алушылардың математикалық сауаттылығын арттыру, функционалдық дағдыларын қалыптастыру, олимпиадалық есептерді шешудің тиімді тәсілдері, MatTech: математика сабағын өзгертетін AI құралдары, сондай-ақ заманауи цифрлық платформаларды оқу үдерісінде тиімді қолдану бағыттарында тәжірибелік жұмыстар ұсынды.

Әдістемелік алаң барысында ұстаздар өзара пікір алмасып, білім сапасын арттыруға бағытталған тиімді әдістер мен тың идеяларды ортаға салды. Мұндай әдістемелік алаңдар педагогтердің кәсіби шеберлігін шыңдап, тәжірибе алмасуына және жаңа педагогикалық бастамаларды жүзеге асыруына мүмкіндік береді.

21 тамыз 2026 ж. 195 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 206
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 393

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30