» » Облыстық вебинар өткізілді

Облыстық вебинар өткізілді




Қызылорда облыстық оқу (әдістемелік кабинет) орталығы мен Қармақшы ауданы №269 орта мектебінің ұйымдастыруымен «Көркем еңбекке жаңаша көзқарас: идеядан өнімге дейін» тақырыбында облыстық вебинар өтті.
Вебинарға облыстың көркем еңбек пәні мұғалімдері қатысып, өзара тәжірибе алмасты.

Мақсаты:
– көркем еңбек сабағында заманауи тәсілдер мен шығармашылық ойлауды дамыту арқылы идеяны нақты өнімге айналдыру кезеңдерін жүйелі меңгерту;
– білім алушылардың эстетикалық талғамы мен практикалық дағдыларын жетілдіру;
– педагогтердің шығармашылық әлеуетін арттыру және өңірлік озық іс-тәжірибелер мен ұлттық құндылықтарды оқу үдерісінде тиімді ұштастыру.

Бағдарлама аясында келесі бағыттар қамтылды:
– шеберлік сыныптары мен жобалар: «Шабыттан туған шеберлік», «Бояулы шабыт», «Еңбегі адал жас өрен»;
– қолөнердің заманауи түрлері: ағашты көркемдеп өңдеу, табиғи жүннен креативті бұйым жасау, «Bead Art» (қазақы алқа жасау), этно түйреуіштер дайындау;
– инновациялық әдістер: арт-терапия элементтерін қолдану, мини-манекенде костюм құрастыру, сәндік гүлдер мен сыйлықтар жасау;
– дизайн және технология: көркем жазба түрлері (батик, гжель, хохлома), киімді макеттеу, бұйымдарды ұлттық ою-өрнекпен безендіру.

Вебинар барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерді талқылап, тәжірибелік жұмыстар ұсынды. Сонымен қатар, білім беру үдерісінде цифрлық технологияларды, оның ішінде жасанды интеллект құралдарын тиімді қолдану жолдары көрсетілді.

Аталған вебинар көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, шығармашылық ізденістерін жетілдіруге және тәжірибе алмасуға бағытталған тиімді алаң болды.
10 мамыр 2026 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 840
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 111

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930