БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУ БАҒЫТЫНДА ӘДІСТЕМЕЛІК КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ
Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің жылдық жоспарына сәйкес О.Шораяқұлы атындағы №30 орта мектебінде «Заманауи сабақ әдістемелері: тиімді тәжірибе мен практикалық тәсілдер» тақырыбында әдістемелік көмек беру жұмыстары өткізілді.
Әдістемелік күннің негізгі мақсаты – білім беру үдерісіне инновациялық әдіс-тәсілдерді тиімді енгізу, педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, оқу- тәрбие үдерісінің сапасын жақсартумен қатар әдістемелік нұсқаулық негізінде жүйелі жұмыс жасау, озық тәжірибелерді тарату.
Іс-шара барысында білім бөлімінің әдіскерлері мектеп мұғалімдерінің сабақтарына қатысып, жан- жақты талқылау барысында ұсыныстарын жеткізіп, әдістемелік тұрғыдан көмек берді.
Сонымен қатар педагогикалық ұжым мүшелерінің қатысуымен арнайы жиын өткізіліп, білім беру ұйымының білім сапасы,мектепішілік бақылау жүйесі, педагогтерді аттестациядан өткізу тәртібі, ҰБТ, олимпиада,ғылыми жоба байқаулары бойынша мониторинг көрсеткіштері көрсетіліп, алдағы жұмыстарға бағыт- бағдар беру және нәтиже барысын арттыру бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, әдістемелік күн аясында «Адал азамат» тәрбие бағдарламасының мазмұны, психологиялық қызмет және оны оқу-тәрбие үдерісінде жүзеге асыру жолдары баяндалды.
Аталған іс-шара аясында білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ш.Наукебаева қорытынды сөз сөйлеп, әдістемелік көмек көрсету жұмыстарының тәжірибе тарату мен алмасу мақсатындағы тиімді тұстардың маңыздылығын атап өтіп, әдістемелік көмек беру жұмыстарының жоспарлы түрде жалғасатынын жеткізді.
Шара соңы өзара ұсыныстар мен пікірлер аясында қорытындыланды.
















