» » ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕГЕНГЕ ҚҰТ ҚОНАР

ДӘСТҮРІН ДӘРІПТЕГЕНГЕ ҚҰТ ҚОНАР

Ұлттың болмысы, табиғаты – салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен айшықталады. Сол секілді ұлтты сүю, қадірлеу, бағасын білу де отбасыдан қалыптасатын қағидалар. Осындай құндылықтарды сақтау, құрметтеу мақсатында ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйінде «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасы аясында «Ата мен әже – қазақи тәрбиенің бастау бұлағы» тақырыбында ата-әжесі мен немерелерінің қатысуымен ІІІ облыстық дәстүрлі бейнероликтер байқауы өтті. Іс-шараға қолдау білдірген ауыл әкімі Жеткерген Қалымбетов сайыстың ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, бақ сынаушыларға өзінің игі тілегін жеткізді.
Байқауға Қызылорда қаласы, Жалағаш, Шиелі, Жаңақорған, Сырдария және Қармақшы ауданынан талапкерлер қатысып, алдын ала түсірілген бейнероликтерін ұсынды.
Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені Қармақшы ауданының Ақтөбе ауылынан Қоқымбаевтар отбасы жеңіп алса, І орынды Жалағаш ауданының Аққыр ауылынан Құлмахановтар отбасы, ІІ орынды Қармақшы ауданының Иіркөл ауылынан Қорғанбаевтар отбасы мен Қызылорда қаласының Қараөзек ауылынан келген Нұрмағанбетовтар отбасы иеленді. Ал жүлделі ІІІ орын Сырдария ауданының Іңкәрдария ауылынан қатысқан Қорғанбаевтар және Шиелі ауданының Сұлутөбе ауылынан Бақтыбаевтар, сондай-ақ Жаңақорған ауданының Көктөбе ауылынан бақ сынаған Түйтеевтер отбасына бұйырды. Барша жеңімпаз-жүлдегерге арнайы тағайындалған диплом, бағалы сыйлықтар табысталды.
Бейнероликтер сайысын ауылдық мәдениет үйінің директоры Талғат Асылбеков қорытып, облысымыздың әр өңірінен келген сайыскерлерге алғысын айтты. Байқау соңында ауыл ақсақалдары ақ бата беріп, ел-халыққа аманшылық, тыныштық тілесті.
Қазақи дәстүрде «...ата – әке – бала» ұғымы – ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып, өмір жалғастығын құрайды. Рухани және материалдық құндылық та ғасырдан-ғасырға көшіп, ұлтпен бірге жасайтын мұралар. Оны жалғайтын жас ұрпақтың атаәжеден алары мен үйренері, сонымен қатар атасы мен әжесінің де немересіне берері мол екеніне осы байқауда анық көз жеткізгендейміз.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
24 қазан 2026 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 146
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 340

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031