» » Қазақи тәрбиенің бастау бұлағы

Қазақи тәрбиенің бастау бұлағы

Аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің келісімімен, ІІІ Интернационал ауылдық округі әкімінің қолдауымен, және ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Адал адам» мәдени-тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Жанұя шуағы» жобасы аясында «Ата мен әже – қазақи тәрбиенің бастау бұлағы» атты ата-әжесі мен немерелерінің қатысуымен облыстық онлайн бейнероликтер байқауы өткізілді.
Бұл байқаудың авторы – Гүлжан Әбдірова. Ол 20 жылдан астам мәдениет үйінде көркемдік жетекші қызметін абыроймен атқарып келеді. Ең бірінші рет 2022 жылы «Балалар жылы» аясында аудандық байқау өткізіліп, оң нәтижесін берген соң, былтыр тағы да өткізіп, желі көрермендерінің қызығушылықтарының артқанын байқап, биыл облыстық деңгейде өткізуді жөн көріп отыр. Өйткені ұмытылып бара жатқан «Ұлттық тәрбие» отбасы ошақ қасынан басталуы қажет. Жаңа қазақ елі үшін қазақ өркениетін дамыту, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тілін, тағы басқа ұлттық құндылықтар аясында кеңейту – өзекті мәселенің бірі. Бұл іс-шараның көздегені – ұлттық мұра құндылықтарын қазіргі мәдениет жетістіктерімен үйлестіріп, осындай мәдени шаралар түрлерін өткізу арқылы насихаттау.
Мұндай мағыналы байқауға ауылдық мәдениет үйі директоры Т.Асылбеков, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері Г.Шакарова, аудандық «Ақ әжелер» ансамблінің өнерпазы, ардагер-ұстаз Талмаш Жұмабаева қазылық етті. Сайыс нәтижесінде бас жүлдені Жалағаш ауданы М.Шәменов ауылынан Тойман Отызбай жеңіп алса, І орынды Қазалы ауданы Әйтеке би кентінен Бижан Құрманбаев иеленді. ІІ орын Шиелі ауданы Жаназар батыр ауылынан Қалдан Бақтыбаевқа бұйырса, ІІІ орынмен ауданға қарасты Ақжар ауылынан Орынбек Бекеев пен Арал ауданы Құланды ауылынан Задаш Асауова марапатталды.
Қызылорда қаласы Ақжарма ауылынан Мұсабаевтар отбасы, Қызылорда қаласынан Балқия Құрмашева, Қазалы ауданы Шәкен ауылынан Молдабай Алмаховтар Алғыс хатпен марапатталды. Барлық талапкер диплом мен қаржылай сыйлыққа ие болды.
Индира ӨМІРЗАҚОВА,
ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет
үйінің әдіскері
16 желтоқсан 2024 ж. 79 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 (10362)

07 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 901

Сұхбат

Мәдениет

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.
БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

БАБАДАН ҚАЛҒАН ҰЛЫ ӨНЕР

08 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 935

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031