» » » Қазақы тәрбиенің бастау бұлағы

Қазақы тәрбиенің бастау бұлағы

qarmaqshy-tany.kz Жуырда аудандық мәдениет үйінде мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, ІІІ Интернационал ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Ата-әже – қазақы тәрбиенің бастау бұлағы» тақырыбында аудандық онлайн бейнероликтер байқауы өтті.

Отбасылық және ұлттық құндылықтарды ұрпақ бойына сіңіріп, ата мен әженің рөлін бейнеролик арқылы көрсеткен байқауда оған қатысушылар ата салт-дәстүрімізді, әдеп-ғұрпымызды көрсетіп, көптің көңілінен шықты.
Нәтижесінде құрамында ІІІ Интернационал ауылы мәдениет үйінің директоры Талғат Асылбекұлы, Ш.Төлепова атындағы аудандық мәдениет үйінің әдіскері Ақерке Бекеева мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Күлжауһар Раева сынды байқау әділқазыларының шешімімен бас жүлде иегері болып Алдашбай ахун ауылының тұрғыны Панабек Қалпиевтің ата мен немере арасында «Ат ерлеу» тақырыбындағы бейнеролигі танылса, І орынға ақжарлық еңбек ардагері Бихан Дүйсенова, ІІ орынға Тұрмағамбет ауылының еңбек ардагері Кенішкүл Үбжарова көтерілді. Ал жүлделі ІІІ орынды қызылтамдық Гүлжан Әлібаева мен төребайбилік еңбек ардагері Сәндібек Мұсаев өзара бөлісті.
Әділқазылардың ықыласына ие болған Нәкетай Әлмұратова және басқалар алғыс хатпен марапатталса, Қармақшы ауылынан қатысқан талапкер Бимұрат Смайлов арнайы «Баба рухын кие тұтқан» номинациясын иеленді.
Байқау соңында жүлдегерлерге аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің дипломы және сый-сияпаттар тапсырылды.
Нұрбай ЖАНӘДІЛОВ
15 қараша 2022 ж. 607 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031