КӘСІПКЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ
Бүгін Руханият орталығында аудан әкімінің орынбасары Д.Молдабаевтың төрағалығымен кәсіпкерлік саласын дамыту, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, ықтимал кедергілердің алдын алу және бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Жиынға облыстық басқармалардың, мемлекеттік органдардың, қаржы ұйымдарының, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және кәсіпкерлікті қолдау институттарының өкілдері қатысты.
Кездесу барысында мемлекеттік қолдау бағдарламалары, жеңілдетілген несие беру тетіктері, кәсіпкерлік бастамаларды қаржыландыру мүмкіндіктері және бизнес жүргізу кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды.
Айта кетсек, 2026 жылдың өткен кезеңінде Қармақшы ауданында мемлекеттік қаржылай қолдау бағдарламалары аясында жалпы құны 1 млрд 671,7 млн теңгені құрайтын 77 жоба несиелендірілді.
Жиын барысында кәсіпкерлерді жеке қабылдау ұйымдастырылып, олардың ұсыныс-пікірлері мен өтініштері тыңдалды. Кәсіпкерлер көтерген мәселелер бойынша жауапты сала өкілдері түсіндірмелер беріп, оларды шешу жолдары қарастырылды.
Кәсіпкерлікті қолдау, бизнеске қолайлы жағдай қалыптастыру және кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау – ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттарының бірі.

















