» » АУДАН ӘКІМІНІҢ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

АУДАН ӘКІМІНІҢ КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСУІ ӨТТІ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға қаржылық қолдау көрсететін ұйымдардың өкілдері қатысты.

Аудан әкімі өз сөзінде кәсіпкерлікті қолдау бағытында ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, бұл сала – ауданның экономикалық әлеуетін арттырудағы негізгі басымдықтардың бірі екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдар тарапынан кәсіпкерлік субъектілеріне барлық қажетті қолдау шаралары көрсетіліп жатқанын жеткізді.

Кездесу барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Қызылорда облыстық филиалы мен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымының өкілдері кәсіпкерлікті қаржыландыру тетіктері жөнінде баяндама жасап, бизнес жобаларды қолдау, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері бойынша кеңес берді.

Сондай-ақ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалының маманы 2024 жылдың қорытындысы бойынша аудандағы кәсіпкерлік саласының негізгі көрсеткіштерін ұсынды.

Жиын барысында кәсіпкерлер тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылып, қаржыландыру мәселелеріне қатысты нақты сұрақтар қойылды. Оларға тиісті сала мамандары тарапынан жан-жақты жауаптар беріліп, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі жиынға қатысқан қонақтарға алғыс білдіріп, аудан кәсіпкерлеріне табысты қызмет, тұрақты даму және жаңа жетістіктер тіледі.

29 мамыр 2025 ж. 313 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 084
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 742

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031