» » Көшпелі жұмысшы топ кәсіпкерлермен кездесті

Көшпелі жұмысшы топ кәсіпкерлермен кездесті

Облыстық кәсіпкерлер палатасы мен мемлекеттік және құзырлы орган өкілдерінен құрылған жұмысшы топ аймағымыздағы кәсіпкерлер мен кездесу өткізуде. Делегация ауданымызға да табан тіреп, белсенді кәсіпкерлермен жолықты. Бірінші кезекте аудан әкімі Жандос Еркінбек палата өкілдерін қабылдап, ауданның кәсіпкерлік бағытына жауапты мамандармен таныстырды. Мұнан соң аудан басшысы кәсіпкерлікті қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды айта отырып, бұл салаға әрқашан қолдау бар екенін жеткізді.
Келесі кезекте кәсіпкерлік саласында туындаған мәселелерді шешу мақсатында құрылған жұмысшы топ өкілдері аудан кәсіпкерлерімен кездесуге жалғасты. Оған аудан әкімі аппаратының басшысы Ернар Бекенов, аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, облыстық Кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық, сала және мекеме басшылары қатысты.
Кездесу барысында шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуы, салық есептіліктерін тапсыру, кәсіп ашуға берілетін жеңілдетілген несиелер мен мемлекеттік бағдарламалар жөніндегі тақырыптар талқыланды.
Жиын соңында аудан кәсіпкерлері өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Сұрақтардың басым бөлігі кәсібін кеңейту жолында алынатын несие мен оған қойылатын кепілдемеге қатысты болды. Жұмысшы топ құрамындағы облыстық басқармалардың, мемлекеттік кірістер басқармасы және қаржы ұйымдарының басшылары мен өкілдері хабарлама оқып, аудан кәсіпкерлерінің өзекті сұрақтарына жауап берді. Көтерілген бірқатар мәселелер пысықталып, кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдау мен мүмкіндіктер жайында айтылды.
«Қт» ақпарат
28 ақпан 2024 ж. 351 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031