» » Жұмысшы топ кәсіпкерлермен кездесті

Жұмысшы топ кәсіпкерлермен кездесті


Кәсіпкерлік саласында туындаған мәселелерді шешу мақсатында құрылған жұмысшы топ өкілдері аудан кәсіпкерлерімен кездесті.

Кездесуге аудан әкімі аппаратының басшысы Ернар Бекенов, аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов, облыстық Кәсіпкерлер Палатасының Өңірлік кеңес төрағасы Ерлан Раимов, облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Пірмұхаммед Сыздық, сала және мекеме басшылары қатысты.

Кездесу барысында шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуы, салық есептіліктерін тапсыру, кәсіп ашуға берілетін жеңілдетілген несиелер жөніндегі тақырыптар талқыланды.

Жұмысшы топ құрамындағы облыстық басқармалардың, мемлекеттік кірістер басқармасы және қаржы ұйымдарының басшылары және өкілдері хабарлама оқып, аудан кәсіпкерлерінің өзекті сұрақтарына жауап берді. Көтерілген бірқатар мәселелер пысықталып, кәсіпкерлерге көрсетілетін қолдаулар мен мүмкіндіктер жөнінде айтылды.

Ⓒ Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

22 ақпан 2024 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№42 (10510)

06 маусым 2026 ж.

№41 (10509)

02 маусым 2026 ж.

№40 (10508)

30 мамыр 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 249
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 794

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930