» » Кәсіпкерлермен кездесу өтті

Кәсіпкерлермен кездесу өтті

qarmaqshy-tany.kz Кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен аудандық жыраулар үйінде кәсіпкерлік саласын дамыту, кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау мәселелерін талқылау мақсатында арнайы жиын өтті.
Жиынға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов және бірқатар мекеме басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.
Жиынның алғы сөзінде аудан басшысы Жандос Еркінбекұлы ауданда кәсіпкерлік саласының даму қарқынының жақсы екендігін айта келе, алдағы уақытта жүзеге асырылатын ауқымды жобалардың барысына тоқталды.
Сонымен қатар, жиын барысында аудан прокуроры Мейрамбек Маханбетжанов кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау, мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан кәсіпкерлікке келтірілетін кедергілердің алдын алу мәселелері жөнінде түсіндірме берді.
Мұнан соң, ауданда кәсіпкерлік саласында 2022 жылы атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Біржан Өмірзақовтің баяндамасы тыңдалды.
Жиын соңында аудан кәсіпкерлері жеке кәсіптерін әрі қарай кеңейту үшін мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде жаңа несиелер алудағы кедергілер, кәсіпкерлік нысандарға тартылатын инфрақұрылымдар, жастарға арналған 2,5 пайыздық несие, жұмыссыз азаматтарға арналған грант және басқа да мәселелер бойынша сұрақтарын қойып, толыққанды жауаптарын алды.
Жиынды қорытындылаған аудан басшысы Жандос Еркінбек ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен халықтың тұрмыс деңгейінің жақсаруында кәсіпкерлік саласының орны айрықша екендігін айтып, аудан кәсіпкерлеріне заңдылықтарға сәйкес тұрақты түрде қолдау көрсетілетінін және кез келген жұмыс уақытында қабылдауға дайын екендігін жеткізіп, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

27 қаңтар 2023 ж. 682 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 563
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 363

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031