» » ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫНЫҢ ҮЛЕСІ АРТУДА

Қармақшы ауданының экономикалық дамуына тікелей әсер ететін шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі басты назарда.

2026 жылдың 1 қаңтарында ауданда тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3 211 бірлікті құрайды. Оның ішінде белсенді жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік нысандарының саны 3 065 бірлікке жеткен. 2025 жылы мемлекеттік қаржылай қолдау бағдарламалары аясында жалпы құны 1 млрд теңгеге жуық 60 жоба несиелендірілді. Атап айтқанда:
– Біріңғай кешенді бағдарлама шеңберінде екінші деңгейлі банктер арқылы 4 жобаға 95,0 млн теңге;
– Аграрлық несие корпорациясы арқылы 9 жобаға 571,5 млн теңге;
– «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 41 жобаға 280,8 млн теңге;
– «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы 6 жобаға 52,0 млн теңге көлемінде несие берілді.
Сондай-ақ аудан бойынша жаңа бизнес-идеяларды дамыту және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында әлеуметтік осал топтарға жататын 118 азаматқа жалпы сомасы 185,6 млн теңгені құрайтын қайтарымсыз мемлекеттік гранттар табысталды.

04 ақпан 2026 ж. 305 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10551)

03 қараша 2026 ж.

№82 (10550)

29 қазан 2026 ж.

№81 (10549)

24 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 269
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 426

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30