» » КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

КӘСІПКЕРЛЕРМЕН ӨТКЕН КЕЗДЕСУ

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің төрағалығымен жергілікті кәсіпкерлердің қатысуымен кездесу өтті. Іс-шараға қаржылық қолдау көрсететін ұйымдардың өкілдері қатысты.
Аудан әкімі өз сөзінде кәсіпкерлікті қолдау бағытында ауданда атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, аталған сала ауданның экономикалық әлеуетін арттырудағы негізгі басымдықтардың бірі екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы орган тарапынан кәсіпкерлік субъектілеріне барлық қажетті қолдау шаралары көрсетіліп жатқанын жеткізді.
Кездесу барысында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Қызылорда облыстық филиалы мен «Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы» микроқаржылық ұйымының өкілдері кәсіпкерлікті қаржыландыру тетіктері жөнінде баяндама жасап, бизнес жобаларды қолдау, мемлекеттік бағдарламаларға қатысу және жеңілдетілген несие алу мүмкіндіктері бойынша кеңес берді.
Сондай-ақ «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Қызылорда облыстық филиалының маманы былтырғы жылдың қорытындысы бойынша аудандағы кәсіпкерлік саласының негізгі көрсеткіштерін ұсынды.
Жиын барысында кәсіпкерлер тарапынан бірқатар ұсыныс айтылып, қаржыландыру мәселесіне қатысты нақты сұрақтар қойылды. Оларға тиісті сала мамандары тарапынан жанжақты жауап беріліп, түсіндірме жұмысы жүргізілді.
Кездесуді қорытындылаған аудан әкімі жиынға қатысқан қонақтарға алғыс білдіріп, аудан кәсіпкерлеріне табысты қызмет, тұрақты даму және жаңа жетістіктер тіледі.
«ҚТ» ақпарат
01 маусым 2025 ж. 135 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930