» » ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА ТАҒЫЛЫМ

ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ – ҰРПАҚҚА ТАҒЫЛЫМ

Ұстаздар күніне орай салтанатты шара өтті. Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде 5 қазан - «Мұғалімдер күні» мерекесіне арналған «Ұстазға тағзым – ұрпаққа тағылым» атты салтанатты шара өтті.

Мерекелік шараның басты мақсаты – ұстаз еңбегін дәріптеу, педагог мәртебесін арттыру, білім саласының үздіктерін ұлықтап, жас ұрпақ тәрбиесіне үлес қосып жүрген ұстаздарға құрмет көрсету.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясында «Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі» екенін атап өтті. Сондай-ақ Президент ұстаздың адам тәрбиесіндегі орнын айрықша бағалап, «Әлемді ең дамыған технология өзгертуі мүмкін. Ал адамды, оның дүниетанымын өзгерту – нағыз ұстаздың ғана қолынан келетін іс» деді.

Салтанатты жиында білім бөлімінің басшысы Берік Съездұлы білім саласы қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, бірқатар педагогтерге еңбегі мен кәсіби жетістіктері үшін марапаттар табыстады. Білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін облыстық білім басқармасының, кәсіподақ комитетінің және аудандық деңгейдегі марапаттарына ие болған ұстаздар құрмет төрінен көрінді.

Мерекелік бағдарламада мектептер мен өнер ұжымдарының шығармашылық қойылымдары ұсынылып, ұстаздарға арналған әндер мен күйлер орындалды.
Салтанатты кеш ұстаздардан құралған хор ұжымының «Ұстазым» әнін орындауымен қорытындыланды.

06 қазан 2026 ж. 63 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 988
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 217

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031