» » «ҰСТАЗ - ҰЛТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ»

«ҰСТАЗ - ҰЛТТЫҢ ШАМШЫРАҒЫ»


Ұрпақ тәрбиесі мен ұлт болашағының негізін қалайтын ұстаз еңбегінің орны қашанда бөлек. Шәкірттердің жүрегіне білімнің сәулесін жағып, арманын айқындап, өмір жолына бағыт-бағдар беру – үлкен жауапкершілікті талап ететін қасиетті міндет. Ал ұстаздар күні – осы ұлы еңбекті бағалап, білім саласының майталмандарына алғыс білдіретін ерекше мереке. Осы айтулы күнге орай бүгін Шамшат Төлепова атындағы мәдениет үйінде «Ұстаз – ұлттың шамшырағы» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Тағылымды кешке аудан әкімі Жандос Еркінбек арнайы қатысып, ардақты ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Құрметті ұстаздар! Біз үшін баланың мектепке дейінгі тәрбиесінен бастап, мектеп бітіруіне дейінгі әр кезеңі маңызды. Сондықтан білім беру саласындағы жұмыстардың негізгі мақсаты – балаға жақсы жағдай жасау. Сонымен қатар біз жас ұрпаққа Президентіміз атап өткендей елін сүйетін, туған жерін қадірлейтін, еңбекқор азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Себебі бүгінгі оқушы – ертеңгі білікті маман. Ал сол баланың болашағына бағдар беретін - Сіздер. Осындай Ұлы атақты абыроймен алып жүрген еңбектеріңіз әрдайым бағалана берсін! Мерейлеріңіз үстем болсын,- деді аудан басшысы.

Мерекелік шара барысында білім беру саласының дамуына үлес қосып, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беріп жүрген бірқатар ұстаздарға облыс әкімінің және аудан әкімінің «Алғыс хаты» табысталды.

Аудан әкімінің қолдауымен ұстаздар қауымына арнайы келген Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, Қызылорда қаласының Құрметті азаматы, жерлесіміз, танымал әнші Мадина Сәдуақасова сахна төрінде әсем әндерін орындап, мерекелік кештің сәнін келтірді.

Еске салайық ауданымыз білім саласында жоғары нәтижелерге қол жеткізіп келеді. 2026 жылы 903 түлек мектеп бітіріп, оның ішінде 61 түлек «Алтын белгі», 80 түлек «Үздік аттестат» иегері атанды. Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан 808 түлектің орташа көрсеткіші 86,4 балды құрады. Осы орайда барша мұғалімдерді кәсіби мерекесі – Ұстаздар күнімен құттықтаймыз!

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

06 қазан 2026 ж. 43 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№76 (10544)

06 қазан 2026 ж.

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 982
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 210

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031