» » Құрметті ұстаздар! Қадірлі білім саласының ардагерлері!

Құрметті ұстаздар! Қадірлі білім саласының ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Елдің ертеңін ойлаған қоғам ең алдымен білімнің сапасына мән береді. Себебі ұрпақтың білімі мен азаматтық ұстанымы қалыптасатын орта – мектеп. Ал сол үлкен жауапкершілікті арқалап, әр баланың бойындағы қабілетті танып, оны дамытуға бағыт-бағдар беретін – мұғалім.
Бүгінде білім беру саласы жаңа мазмұнмен толығып, заман талабына сай жаңа мүмкіндіктерге жол ашылуда. Осы өзгерістердің бел ортасында жүрген ұстаздар да кәсіби ізденісін үзбей, заманауи технологиялар мен жаңа оқыту тәсілдерін меңгеріп, шәкірттеріне бұрынғыдан да кең білім көкжиегін ашып келеді. Білім мен ғылымдағы жаңалықтарды сабақ үдерісіне енгізіп, оқушылардың цифрлық сауаттылығын, шығармашылық ойлауын, зерттеушілік қабілетін қалыптастыруға үлес қосып жүрген ұстаздардың еңбегі – уақыт талабына сай жаңғырып келе жатқан ұлағатты жолдың көрінісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев биылғы тамыз конференциясында «Мықты мұғалім – сапалы ұлттың тірегі» деп атап өтті. Бұл – ұстаз еңбегінің ел болашағымен тікелей сабақтас екенін айқындайтын мәнді тұжырым. Сонымен қатар «Ұстазды ұлықтаған елдің келешегі жарқын болары айдан анық», – деген Президентіміздің сөзі ұстаз мәртебесінің қоғамдағы орнын айқындап отыр.
Ауданымыздың білім беру саласында шәкірт тәрбиесіне ғұмырын арнаған ардагер-ұстаздарымыздың өнегелі жолы бар. Бүгінде сол дәстүрді жалғаған мамандар жаңашылдығымен, ізденісімен, кәсіби шеберлігімен білім саласының дамуына өз үлесін қосып келеді. Олардың әрбір жетістігі – ауданның ортақ мерейі.
Бүгінгі мерейлі күні барша ұстаздар қауымына амандық, кәсіби жолдарына толағай табыс тілеймін. Ұлағатты еңбектеріңіз абыройға, шәкірттеріңіздің жетістігі қуанышқа ұлассын. Ұрпақ тәрбиесіндегі ұлы еңбектеріңіз әрдайым ел құрметіне бөлене берсін!
Құрметпен, аудан әкімі Жандос ЕРКІНБЕК
03 қазан 2026 ж. 28 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10543)

02 қазан 2026 ж.

№74 (10542)

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (10541)

26 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 965
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 197

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031