» » Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың тамыз конференциясы басталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың тамыз конференциясы басталды

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың республикалық тамыз конференциясы басталды.
Жаңа оқу жылының басталуына орай заман талабына сай адамгершілігі жоғары, кәсіби құзыретті және әлеуметтік жауапты тұлғаны қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесінің бүгіні мен болашағына бағдар беру мақсатындағы республикалық іс-шара “Білім келешегі: адал азамат, кәсіби маман” тақырыбымен өтіп жатыр.
Конференцияның негізгі бағыттары мыналар:
  • «Адал азамат» бағдарламасы аясында оқыту мен тәрбиелеудің интеграциясы;
  • техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар беру және болашақ (hard, soft, digital) дағдыларды қалыптастыру;
  • әдеп, қауіпсіздік және сапаны ескере отырып, орта білім беруге жасанды интеллектіні енгізу;
  • «Қазақстан балалары» стратегиясын жүзеге асыруда мүдделі органдардың өзара іс-қимылын дамыту;
  • мектептерде инклюзивтік білім беру тәжірибесін жетілдіру.
1 500-ден астам адам қатысып жатқан іс-шара аясында «Келешек мектептері», «Абай ұлттық мектебі», «Дарынды балалар – ел мақтанышы», «ТжКББ-дегі үздік тәжірибелер», «Білім берудегі цифрлық шешімдер» тақырыптық көрме аймақтары ұйымдастырылған. Мұнда жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды білім беру жүйесіне енгізуге арналған ауқымды экспозиция, оның ішінде цифрлық құралдар, интерактивті платформалар, әдістемелік әзірлемелер мен икемді әрі тиімді оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа тәсілдерін таныстыратын технологиялар ұсынылады.
Конференция қорытындысы бойынша педагог мәртебесін арттыруға бағытталған қарар қабылданады. Салтанатты бөлімде білім беру саласының үздік қызметкерлерін марапаттау рәсімі және қазақстандық әртістердің қатысуымен концерт өтетіндігі жоспарланған.

Фото: Акорда 
15 тамыз 2025 ж. 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (10534)

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (10533)

29 тамыз 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 788
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 069

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930