» » «Болашаққа сеніммен» кәсіптік бағдар беру жобасы басталды

«Болашаққа сеніммен» кәсіптік бағдар беру жобасы басталды

Орталық коммуникациялар қызметінде «Болашаққа сеніммен» кәсіптік бағдар беру жобасы таныстырылды деп хабарлады turkystan.kz.
2021 жылдан бастап «Qazaqstan Respýblikasy Prezidentiniń «Bolashaq» Halyqaralyq stipendiasy stipendiattarynyń qaýymdastyģy» қоғамдық бірлестігі «Болашаққа сеніммен» жобасын жүзеге асыруда.
«Болашаққа сеніммен» – 10-12-сынып оқушыларын мамандық таңдауға дайындауға бағытталған кәсіптік бағдар беру жобасы.
Жобаның мақсаты – жоғары сынып оқушылары мен түлектерге болашақ мамандықты таңдауға көмектесу үшін алаң құру, сонымен қатар менторлардың бүгінгі таңда қандай салалар ең өзекті ақпаратпен бөлісу.
Жоба шеңберінде «Болашақ» Қауымдастығының өкілдерді мектептерді аралап, оқушыларды шетелдік және отандық жоғары білім беру жүйелерінің ерекшеліктерімен таныстырды. Ғылым және жоғары білім министрлігі аталған жобаны қолдап отыр. Бұл туралы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан мәлімдеді.
Оның айтуынша, бүгінде барлық мектептерде кәсіптік бағдар берумен айналысатын мамандар бар.
«Жас буынның болашақ мамандығын дұрыс таңдауына ықпал ету өте маңызды. Сондықтан Ғылым және жоғары білім министрлігі тарапынан «Мамандығым – болашағым» атты жоба жүзеге асырылып жатыр. Оның аясында да 1 млн-ға жуық мектеп оқушысын кәсіби диагностикадан, тестілеуден өткізу жоспарланып отыр. Бұл жерде әр баланың ерекше қабілеті ескеріледі. Бұл ғылыми тұрғыдан жасалған жүйе», – деді спикер.
31 қаңтар 2023 ж. 550 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№61 (10429)

16 тамыз 2025 ж.

№60 (10428)

12 тамыз 2025 ж.

№59 (10427)

09 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 229
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031