» » РУХАНИ МҰРАЛАРҒА ТАҒЗЫМ: АРДАГЕРЛЕР ҚОРҚЫТ АТА МЕН МАРАЛ БАБА КЕСЕНЕЛЕРІНЕ БАРДЫ

РУХАНИ МҰРАЛАРҒА ТАҒЗЫМ: АРДАГЕРЛЕР ҚОРҚЫТ АТА МЕН МАРАЛ БАБА КЕСЕНЕЛЕРІНЕ БАРДЫ


«Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында ауданымыздың ардагерлері еліміздің, ауданның тарихында өзіндік орны бар киелі мекендерге арнайы барып, тағылымды сапар жасады.

Аудан әкімі Жандос Еркінбектің қолдауымен ұйымдастырылған сапар барысында аға буын өкілдері Қорқыт Ата және Марал Баба кесенелеріне зиярат етіп, бабалар рухына Құран бағыштады. Ардагерлер еліміздің амандығы мен береке-бірлігі үшін дұға жасап, қасиетті орындарда тағзым етті. Сондай-ақ қазыналарымыз бұл игі бастамаға қолдау көрсетіп отырған аудан басшысына ерекше ризашылықтарын білдіруде.

Айта кетсек «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясындағы рухани-танымдық сапарлар аудан ардагерлерінің бос уақытын тиімді ұйымдастырумен қатар, қасиетті орындар мен бабаларымыздың мұрасын насихаттауға бағытталған.

Қармақшы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26 қыркүйек 2026 ж. 109 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (10548)

20 қазан 2026 ж.

№79 (10547)

16 қазан 2026 ж.

№78 (10546)

13 қазан 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 4 107
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 309

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031